Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сауда
22.08.2022
Қазақстанның 20-орны. 2021 жылы Әзірбайжанға тауарлар импорты $11,7 млрд құрады, тауарлардың негізгі жеткізушілері Ресей (17,7%), Түркия (15,8%), Қытай (14%), Германия (5,4%) және Украина (4%) болып табылады. Әзірбайжан кедендік статистикасының деректері бойынша Қазақстан Әзірбайжан нарығына негізгі тауар экспорттаушылар арасында тек 20-шы орында орналасқан. Қазақстаннан импорт көлемі 2021 жылы $95,4 млн құрады. Сонымен қатар, қазақстандық статистика бойынша Қазақстанның Әзірбайжанға экспорты 2021 жылы $287,9 млн құрады, деп хабарлады "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Ернар Серік. Экспорт бойынша статистика белгілі бір дәрежеде арнайы мақсаттағы жүзу құралдары мен оларға қосалқы бөлшектердің экспорты бойынша деректерді бұрмалайды (2021 жылғы тамызда мұндай тауарлардың экспорты $125 млн құрады). Бұл, негізінен, жүзу құралдарын жөндеуге шығару фактілері болуы мүмкін. 2022 жылғы өзара сауда. 2022 жылдың 6 айында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 3,1 есе өсті – өзара сауда $194,1 млн (өсім 3,5 есе) құрады, оның ішінде $155,4 млн — ы ҚР-дан экспорт, қалған $38,7 млн-ы ҚР-ға импорт (өсім 2,2 есе).
Экспорттың өсу әлеуеті. Сауданы дамытудағы мүмкіндіктер мен проблемалар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясы шеңберінде қарастырылуда. 200-400 млн өзара сауда — саттық біздің елдеріміз үшін айтарлықтай төмен көлем екені анық. Экспортта өнеркәсіп өнімінің басым болуы тамақ өнімдері мен басқа да халық тұтынатын тауарлардың негізгі өндірістік қуатының Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналаспауымен түсіндіріледі. Өнеркәсіптік тауарлар. Соңғы оқиғаларға байланысты көптеген металлургиялық және мұнай-химия кәсіпорындары Транскаспий дәлізін Еуропаға жеткізудің балама бағыты ретінде пайдалануға дайын. Егер ҚТЖ-ның ұлттық темір жол желісіндегі тар жерлерді жою бойынша инфрақұрылымдық жобалары іске асырылып, Маңғыстау өңірінде жоспарланып отырған көпфункционалды терминал жұмыс істейтін болса, онда Әзірбайжан арқылы тауарлар транзитінің ұлғаюын ғана емес, сондай-ақ екіжақты сауданың жедел дамуын да күтуге болады.
Өңделген азық — түлік тауарлары (ауыл шаруашылығы тауарлары жоқ) импортының 30-40% - ын Әзірбайжан Ресейден және 12-15% - ын Украинадан сатып алады. Соңғы оқиғалар Әзірбайжан импорттаушыларын азық-түлік импортын әртараптандыру үшін балама жеткізушілерді іздеуге мәжбүр етуі мүмкін. 2021 жылы азық-түлік импортындағы ҚР үлесі 1% - дан аз болды. Ағымдағы жылы азық-түлік тауарларын жеткізу 60% - ға өсті. ————————————————————————————————————————————————————— Telegram
Қарау саны: 4440 |
|
|