Анонс: Сарапшылар тобының кеңесі
23.08.2022
INFF шеңберінде шағын және орта кәсіпорындардың қаржылық қызметтеріне қол жеткізуді бағалау Бүгін, 23 тамызда сағат 15:00-де INFF шеңберінде шағын және орта кәсіпорындардың қаржылық қызметтеріне қол жеткізуді бағалау бойынша сарапшылар тобының отырысы өтеді.Кешенді ұлттық қаржыландыру механизмі (INFF) дегеніміз не? 2015 жылы БҰҰ-ға мүше мемлекеттер 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін және оның Тұрақты даму саласындағы мақсаттарын (ТДМ) келісті. ТДМ - ға қол жеткізу үшін мемлекеттер ресурстардың барлық ішкі және халықаралық ағындарын, саясат пен халықаралық келісімдерді экономикалық, әлеуметтік және экологиялық басымдықтармен сәйкестендіруге бағытталған Аддис-Абеба іс-қимыл бағдарламасының (AAAA) жаһандық шеңберін келісті. AAAA аясында мүше мемлекеттер жоспарлау процестерін нығайтуға және тұрақты дамуды қаржыландыру жолындағы кедергілерді жеңуге көмектесетін кешенді ұлттық қаржыландыру тетігін (INFF) құруға шақырды.
Талқылаудың негізгі мәселелері- Жүргізілетін далалық зерттеу әдіснамасы -Шығыс Қазақстан облысында фокус-топтың алдын ала нәтижелері - Сараптамалық сауалнаманың алдын ала нәтижелері ҚатысушыларСарапшылар тобының отырысына мүдделі мемлекеттік мекемелердің, бизнесті дамыту институттарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда ШОК секторын ілгерілетуге ықпал ететін академиялық топтардың, жеке сектордың, талдау орталықтарының және халықаралық ұйымдардың негізгі сарапшылары жиналады.
Қарау саны: 3868 |
|
|