ТДМ: 14-мақсат

26.08.2022

14-мақсат. Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және оңтайлы пайдалану

Қазіргі уақытта мұхиттардың ластануы - планетадағы ең өзекті мәселелердің бірі. Миллиондаған тонна пластик қалдықтары мұхиттардың бетінде қалқып жүр. Сарапшылардың пікірінше, бұл қоқыстың 80%-ы құрлықтан мұхитқа, ал қалған 20%-ы кемелерден түскен. 

Мұхиттағы қоқыс теңіз жануарлары мен құстарының 250-ден астам түріне зиянын тигізіп, суға улы заттарды шығаруда. Мұхитқа түскен қоқыс нағыз қалқымалы континенттерді құрап жатыр, олардың ішіндегі ең ірісі «Тынық мұхитының қоқыс патчы», оны тіпті Халықаралық ғарыш станциясынан да көруге болады. Ең оптимистік бағалаулар бойынша қоқыс жинағының ауданы 700 мың шаршы шақырымнан кем емес, яғни бұл ауданға екі Германияны орналастыруға болады.


Қазақстан мұхиттарға шыға алмайтын әлемдегі санаулы елдердің бірі. Сондай-ақ, біздің еліміз - мұхиттардан ең алыс қашықтықта (шамамен 3750 км) орналасқан мемлекет. Алайда, әлемнің мұхит пен теңіз мәселелері Қазақстан үшін маңызды. Мәселен Қазақстан аумағында 2 теңіз (Каспий мен Арал теңізі) және 48260 көл бар. Бірақ көлдердің көпшілігінің ауданы 1 шаршы километрден аспайды. Көл сулары ауданының аздығына қарамастан, бүгінгі күні Қазақстан мұхит суларына байланысты адамзат өміріндегі ең үлкен экологиялық апатты бастан кешуде. Бұл — дүние жүзіндегі көлемі жағынан төртінші орында тұрған Арал теңізі суының тартылуы.


Қазіргі таңда Қазақстан тарапынан Арал теңізін сақтауға және жергілікті аумақтарды қалпына келтіру жолында біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, Қызылорда облысында 2021 жылы 100 мың гектарға сексеуіл егілсе, 2022-2025 жылдары жыл сайын 250 мың гектарға сексеуіл егу жоспарлануда.


Қазір Арал теңізінен бөлек, еліміздегі басқа да ірі су қоймалары – Каспий теңізі мен Балқаш көлі суының тартылу қаупі бар. Мысалы, климаттың өзгеруі нәтижесінде ғасырдың соңына қарай Каспий теңізінің деңгейі 9–18 метрге төмендеуі мүмкін, яғни су қоймасының ауданы үш есеге қысқаруы мүмкін.


Аталған мәселелерді климаттық міндеттерді шешу үшін Қазақстан су ресурстарын үнемдейтін технологияларына көшіп, балық популяциясын сақтау, қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту іс-шараларын атқаруы тиіс.

 

 ————————————————————————————————————————————————————————————————————


Telegram   



Facebook

 

 

 

 



Қарау саны: 4124
Сақталған: 26.08.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!