Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығы және EcoJer
23.08.2022
19 тамызда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының Хатшылығы "EcoJer" қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.Хатшылық өкілдері Қазақстан ҰБО-ның қызметі мен жұмыс істеуі туралы айтып берді, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін түсіндірді. Тараптар ҰБО-ның Қауымдастықпен одан әрі бірлескен ынтымақтастығын және оны дамыту тәсілдерін талқылады. Тараптар сондай-ақ қайта кездесуге деген өзара қызығушылықты атап өтті.
Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) — көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ басқарушы қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, сатып алу және қорқытып алу, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. "EcoJer" қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы - қызметі технологиялық прогресті қамтамасыз ету кезінде қоршаған ортаны сақтауға бағытталған қауымдастық.
Қарау саны: 3976 |
|
|