Кезекті геосаяси дағдарыстың экономикалық салдары
31.08.2022
Украинадан бөлек әлемде болып жатқан маңызды геосаяси дағдарыстың бірі Қытайдың Тайваньмен арадағы жағдайы болып тұр. Қытайдың Тайваньға басып кіру қаупі әлем елдерін қатты алаңдатуда. Қытайдың Тайваньға қатысты шара қолдануы жағдайында Қытай үкіметінің батыс санкцияларының ықтимал ықпалына алаңдап отырған жайы бар.Қытай зерттеушілері батыс елдері Қытайға Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейге салған санкциялар сияқты санкциялар енгізетін болса, оның экономикалық әсері қандай болмақтығы жайында баяндама жасады. Баяндамада «Егер АҚШ пен одақтастары санкцияларға көшсе, біздің ел әлемге жабық жоспарлы экономикаға оралады» делінген. Сонымен бірге импорттық азық-түлікке тәуелділігін ескере отырып, «Қытайдың азық-түлік дағдарысына ұшырау қаупі жоғары» деп мәлімдеді. Қытай АҚШ-тан сояның көп мөлшерін импорттайды. Егер бұл тоқтатылса, бұл азық-түлік бағасы мен азық-түліктің қолжетімділігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, бұл сояның шошқаларға азық ретінде қолданылуымен, осының салдарынан сояның қытайлық тұтынушылар үшін етті алудың көзі болып табылатындығымен байланысты. Қытай әлемдегі негізгі азық-түлік өндірушісі болғанымен, ол сонымен қатар азық-түлік пен онымен байланысты тауарлардың негізгі импорттаушысы болып табылады. Қытай мен әлемнің қалған бөлігі арасындағы ауқымды симбиотикалық экономикалық қарым-қатынасты ескерсек, санкциялардың экономикалық әсерін бағалау қиынға соғады. Жапондық Nikkei ақпараттық ұйымының бағалауы бойынша, егер Қытай мен ірі елдер (АҚШ, ЕО, Жапония) арасындағы сауда тоқталса, жаһандық ЖІӨ 3%-ға, ал Қытайдың ЖІӨ 7,6%-ға төмендейтін көрінеді. Бірақ Қытай жалғыз өзі зардап шекпеуі мүмкін. Жапонияда 3,7%-ға, Еуропада 2,1%-ға, АҚШ-та 1,3%-ға құлдырау болуы мүмкін. Бұл сандар сауда ағындарының қысқаруының тікелей әсері болып табылады. Алайда бұл геосаяси дағдарыс сауда ағындарына ғана емес, саудаға байланысты трансшекаралық инвестициялар мен ішкі инвестицияларға да кері әсер етуі мүмкін. Жаһандық экономикаға Украинадағы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда үлкен ауыртпалық салуы мүмкін. Пандемия кезінде жаһандық сауда уақытша 8%-ға қысқарғанын ескеріңіз. Ал Тайвань дағдарысында қысқару әлдеқайда көп және ұзағырақ болуы мүмкін. Сонымен қатар, батыс елдерінің Ресейге салған ең маңызды санкцияларының қатарында Ресейдің валюталық резервтерге қол жеткізуі және ресейлік банктердің доллармен операциялар жасау мүмкіндігіне қатысты санкциялар болғанын білеміз. Ендеше, сондай санкциялар Қытайға да салынатын болса, юаньнің жаһандандырылу жоспары тәуекелдің астында қалады. Әскери әрекетке кіріспес бұрын Қытай өз экономикасын бұзылулардан және ықтимал санкциялардан қорғауға бағытталған басқа да әрекеттерді жасайды деп болжауға болады. Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының қызметкері Джерард ДиПипионың айтуынша, әскери әрекеттерге кіріспес бұрын Қытай мына шараларды қолға алуы мүмкін: — Капиталдың кетуін болдырмауға бағытталған капиталды бақылауды енгізу; Осы әрекеттер Қытайдың әскери әрекеттерге дайындалып жатқынының басты сигналдары болуы мүмкін. Егер де әскери басып кіру жүзеге асатын болса, бұл геосаяси дағдарыстың экономикалық салдары алдыңғы дағдарыстардың салдарынан да ауырырақ болуы мүмкін. ——————————————————————————————————————————————————— Telegram
Қарау саны: 4393 |
|
|