ERI сарапшысы инфрақұрылымның тозуы туралы

01.09.2022

ERI сарапшысы: қорлардың тозуының жоғары деңгейі қолда бар активтердің бұзылуына әкелуі мүмкін

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан:

"Елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің,  жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына  жуығының тозығы жеткен. Осыдан-ақ біраз жайтты аңғаруға болады. Тарифтерді күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлар туындауына әкеп соқтырады".

Мемлекет басшысы Жолдауда инфрақұрылым — электрмен жабдықтау, су құбыры және жылу коммуникациялары желілерінің тозуының жоғары деңгейіне назар аударды.

"Экономикалық теория тұрғысынан алғанда, қорлардың тозуының жоғары деңгейі (50% — дан жоғары) қазірдің өзінде шектен тыс болып саналады, өйткені ол қолда бар активтердің бұзылуына әкелуі мүмкін. Статистика деректері бойынша жылу энергиясының 9056,8 мың шығынын еліміздің барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарының коммуналдық мұқтаждықтарымен салыстыруға болады", — деп түсіндірді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығының жетекші сарапшысы Азамат Саменов.

Егер Қарағанды облысында (1321,3 мың Гкал), ШҚО-да (1037,9 мың Гкал) және Алматыда (1350,6 мың Гкал) жылу энергиясының шығындарын алып тастайтын болсақ, бұл энергиямен (теориялық тұрғыдан) Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының, БҚО және Шымкент қалаларының тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге болады. Шын мәнінде, жылу энергиясының шығындары өндірушілер мен соңғы тұтынушылар — бизнес пен халық үшін қосымша шығындар болып табылады.


Жылумен жабдықтау желілерінің тозуы бойынша тізімді мынадай өңірлер басқарады: Алматы (58,2%), СҚО (50,4%), Атырау (37,4%), Павлодар (35,8%), Қызылорда (31,4%), Түркістан (28,6%) облыстары.

"Президенттің монополиялық нарықтардағы жаңа тарифтік саясатқа көшу туралы ұсынысы — "Инвестициялардың орнына тариф" —бұл саладағы қазіргі жағдайға реакция", — дейді ERI сарапшысы.  


Telegram   




Қарау саны: 3876
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!