ERI сарапшысы медициналық көмекке қолжетімділік туралы
01.09.2022
ERI сарапшысы: Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету сапалы медициналық қызмет көрсетуді көздейді "Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Осылайша, мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылатын болады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері пайда болады. Бұл төрт миллионнан астам азамат үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді". "Адамдардың денсаулығын жақсартуға, қолдауға және қалпына келтіруге ықпал ететін қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың жалпыұлттық басымдықтарының бірі. Алайда, ауылдық елді мекендер деңгейінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселесі әлі де өзекті", — дейді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығы директорының орынбасары Сәуле Самекина. Ол Өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде әлеуметтік сала объектілерінің, оның ішінде денсаулық сақтау бағыты бойынша қамтамасыз етілу және қолжетімділік деңгейі айқындалатынын атап өтті. Осылайша, 2021 жылы денсаулық сақтау мекемелерін салуға жиынтық қажеттілік 658 объектіні құрады (немесе қолда бар 6 054-тен 10,9%). Жаңа мекемелерге барынша қажеттілік Жетісу (110), Алматы (76) және Түркістан (59) облыстарында байқалады. Жаңа құрылысқа деген қажеттілік, әдетте, қолданыстағы мекемелердің болмауына немесе апатына байланысты. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша еліміз бойынша авариялық жағдайда 210 нысан тіркелген. Авариялық объектілердің ең көп саны Жетісу (42), Алматы (39) және Ақмола (24) облыстарында байқалады.
Telegram
Қарау саны: 3726 |
|
|