ERI сарапшысы су саласының дамуы туралы
02.09.2022
ERI сарапшысы: Су саласына сертификатталған мамандар қажет Жер халқы тез өсіп, таза ауыз суға деген қажеттілік артып келеді. ЮНЕСКО-ның болжамы бойынша суды тұтыну алдағы 30 жыл ішінде жылына 1% - ға өседі[1]. Қазақстан-суға тәуелді ел, сондықтан трансшекаралық өзендерді пайдалану проблемасы өте маңызды.
Оның айтуынша, су дағдарысы теріс әлеуметтік және экологиялық салдарға әкелуі мүмкін. "Қазіргі таңда Үкімет су дипломатиясы мәселелері бойынша көрші елдермен ынтымақтастықты дамыту бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде және оны тасымалдау кезінде су шығынын азайту бойынша шараларды жүзеге асыруда. Трансшекаралық өзендер саласындағы шектес мемлекеттермен ынтымақтастық трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі қолданыстағы келісімдер шеңберінде жүргізіледі және бұл — басым бағыттардың бірі", - деп толықтырды Айша Окушева. Осы жылдың басында су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру үшін ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен су кеңесі құрылды. Кеңес су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді.
Сарапшының айтуынша, елімізде "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы бойынша білікті кадрлардың және инженер-гидрогеологтардың тапшылығы өткір сезілуде, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі жоқ. Тұрақты ғылыми-техникалық прогресс жаңғыртылған сумен жабдықтау және су бұру желілерінде инновациялық есепке алу аспаптарымен қажеттілікті талап ететінін ескере отырып, су саласына жаңа жоғары дәлдікті технологияларды сүйемелдеуді білетін сертификатталған кадрлар қажет. Мемлекет басшысы сұранысқа ие су мамандарын даярлау үшін базалық жоғары оқу орнын анықтау міндетін қойды. "Экономика салаларында және халықтың су ресурстарын пайдаланудағы ағымдағы жағдайды сақтай отырып, 2030 жылға қарай су тапшылығына байланысты әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының төмендеу қаупі бар",-деп түйіндеді ERI сарапшысы. [1] БҰҰ-ның су ресурстарын әлемдік дамыту туралы баяндамасы, 2022ж., [2] Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қарау саны: 3859 |
|
|