ERI сарапшысы ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімділігі туралы

02.09.2022

Еліміздің ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметтерге тең қол жеткізумен қамтамасыз ету туралы

Кез келген қоғамның әл-ауқаты мен өркендеуінің негізгі факторы-бұл өмір салтымен, тамақтанумен, қоршаған ортаның жай-күйімен ғана емес, сонымен қатар медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасымен де тығыз байланысты азаматтардың денсаулығы, деп атап өтті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) орталығының жетекші сарапшысы Әсел Тасбауова.


2022 жылы IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелері бойынша Қазақстан "Денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстар" статистикалық көрсеткіші бойынша ЖІӨ-нің 2,8% -ы мәнімен 63 елдің арасында 63-орынды және "Денсаулық сақтау инфрақұрылымы қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келмейді/сәйкес келеді" сауалнама көрсеткіші бойынша 4,92-орынды (мұнда ең төменгі мәні 0-мүлдем сәйкес келмейді, ал максимум 10 – толық сәйкес келеді).

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде көзделген "Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі" стратегиялық көрсеткішінің жоспарлы мәніне қол жеткізілген жоқ, ол жоспар бойынша – 66,1% кезінде   57,7% -ды құрады.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмекпен, оның ішінде жылжымалы мобильдік кешендер қызметтерімен қамту 2021 жылы — бар болғаны 40% - ды құрайды.


"Осыған байланысты Мемлекет басшысы айтқан ауыл медицинасын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу ерекше өзектілікке ие болып отыр. Аталған құжат аясында 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салу және жабдықтау, 32 аудандық аурухананы ауданаралық көпсалалы мекемелерге жаңғырту және қайта құру, сондай-ақ дәрігерлерді даярлау жүйесін жетілдіру жоспарлануда", — деп есептейді сарапшы.


Оның пікірінше, жоғарыда аталған шараларды уақытылы жүзеге асыру ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, жалпы ұлт денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 



Қарау саны: 3768
Сақталған: 06.09.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!