ERI сарапшысы "Жайлы мектеп" жобасы туралы

02.09.2022

"Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты.

Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.

Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.

Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз.

Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады.

Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек".

 

 

"Жайлы мектеп" жобасы — үш ауысымды білім беру және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешудің жақсы әрекеті. Алайда, бұл қала мен ауылдың білім беру инфрақұрылымы ретінде сәйкессіздіктерді жоюға қаншалықты ықпал етеді — бұл әлі шешілмеген мәселе, дейді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығы директорының орынбасары Сәуле Самекина.

Жобада сөз оқушы орындарының тапшылығын жабу үшін жаңа құрылыс стандарттары бойынша мектептер салу туралы болып отыр, бірақ қолда бар білім беру объектілерін жаңғырту мәселесі қозғалмады.

 

Өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде жиналатын әкімдіктердің ақпараты бойынша, елімізде 6 991 білім беру мектебі бар. Оның 23,8% - ы (немесе 1662) күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді. Жұмыс істеп тұрған мектептердің жартысынан азы, атап айтқанда 44,3% (немесе 3 096) материалдық-техникалық жағынан жасақталуы қажет.

 

"Бұл мектептердің мәселелері жергілікті бюджет пен "Ауыл - Ел бесігі" жобасы есебінен ішінара шешілетін болады. Алайда, жаңа МЖБС бойынша қаржы ресурстарының шектеулілігіне байланысты олар жаңғыртылып, "Жайлы мектеп" деңгейіне жеткізілуі екіталай", — деп түсіндірді Сәуле Самекина.

 

Оның айтуынша, "лайықты жағдай" — жоба қозғайтын мәселенің бір жағы ғана.  Тағы бір мәселе – кадр тапшылығы және оқыту сапасы. Өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде ел бойынша педагогикалық кадрлардың тапшылығы анықталды, оның шамасы 18 мыңға жетті.

 

"Оқыту және жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдай жасау" жаңартылған МЖБС параметрлері бойынша салынған "толық аяқталған" ғимараттарды қамтамасыз етумен ғана шектелмеуге тиіс. Үкімет қолда бар мектептер, кадрлық қажеттілік және олардағы оқыту сапасы мәселелеріне назар аударуы керек", — деп қорытындылады ERI сарапшысы.

 



Қарау саны: 4156
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!