ERI сарапшысы жергілікті жолдардың жағдайы туралы
02.09.2022
"Халықтың көліктік байланысы мен ұтқырлығы-Қазақстанның аумақтық саясатының басты басымдықтарының бірі. Мұндай үлкен ел үшін дамыған жергілікті жолдар желісінің болуы маңызды. Инфрақұрылымдық даму өңіраралық теңгерімсіздікті қысқартады және өңірлердегі экономикалық өсуге ықпал етеді", — деп есептейді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығы директорының орынбасары Нұрболат Құрметұлы.Президент Жолдауында автомобиль жолдарының, оның ішінде жергілікті маңызы бар жолдардың сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 95% - ға дейін жеткізу міндеті туралы еске салып, Үкіметке бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.
"Бүгінде бірқатар өңірлерде жергілікті жолдар сапасының проблемасы әлі де шешілмеген күйінде қалып отыр. Жалпы ел бойынша жергілікті жолдардың 20% - ы немесе 14 мың км-ден астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Мәселе әсіресе батыс облыстарда өткір тұр. Мәселен, 2022 жылдың басындағы жағдай бойынша БҚО – да жергілікті жолдардың 61% (≈3100 км) , Ақтөбе облысында – 34% (≈1700 км), Атырау облысында – 30% (≈600 км) және СҚО-да-26% (≈1800 км) қанағаттанарлықсыз жағдайда", - деп хабарлайды Нұрболат Құрметұлы
"Қалыптасқан жағдай халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және осы өңірлерде экономикалық өсуге кедергі келтіреді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары мен "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға қарай жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін нормативтік жағдайда 95% — ға дейін жеткізу жоспарлануда", - деп қорытындылады ERI сарапшысы.
Қарау саны: 3882 |
|
|