ҰБО-ның Қазақстанның Азаматтық Альянсымен онлайн-кездесуі
09.09.2022
ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын ілгерілету және сақтау
8 қыркүйекте "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Қазақстандық Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығы өкілдерінің "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ (ҚАА) қоғамдық ұйымымен онлайн-кездесуі өтті.Талқылауға ҚАА Президенті Бану Нұрғазиева, директор Мұрат Омашев, Қазақстанның өңірлік азаматтық альянстарының көшбасшылары қатысты. Қазақстан ҰБО Хатшылығының басшысы Азиза Қасенова мен ERI Орталығының директоры Долорес Тюлебекова сәлемдесу сөзімен сөйледі. Спикерлер Қазақстанның ҰБО ағымдағы жұмысы мен қызметі және халықаралық кейстер мысалында ЭЫДҰ Басшылық қағидаттары туралы айтып берді. "ҰБО Хатшылығы шеңберінде ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының негізгі элементтерін тарату және жинақтау үшін жиынтық чек-парақтар дайындалды", — деп атап өтті спикерлер. "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева өз сөзінде альянстың қазіргі жұмысы мен қызметі туралы айтып, медиаторларды оқытудың маңыздылығын және оның медиация қызметтерінің сапасы үшін маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында "Жамбыл облысының КЕҰ Қауымдастығы" ЗТБ басшысы А.О. Заурбекова тарапынан Қазақстандағы нақты жағдайларға және сарапшылар құрамының жағдайларына қатысты сұрақтар келіп түсті, оларға толық жауаптар алынды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар танымдық онлайн-кездесу өткізгені үшін үлкен алғыстарын білдірді . "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ өкілдері белсенді ынтымақтастыққа дайындығын атап өтіп, ҰБО Хатшылығын ағымдағы жылдың 6-7 қазанына жоспарланған ҮЕҰ кеңейтілген конференциясына қатысуға шақырды. Анықтамалық: ҰБО — ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, пара алу және қорқытып алу, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігі — үкіметтік емес сектордың мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйым.
Қарау саны: 3744 |
|
|