Демографиялық бағыттағы реформалар Президентіміздің Жолдауында көрініс тапты

13.09.2022

Биылғы Президент Жолдауында демографиялық бағыттағы реформалар да қозғалды. Оның біріншісі, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту. Екіншісі, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына олардың баспана немесе білім алуы үшін аудару. Үшіншісі, қандастардың көші-қон мәселесін реттеу.

Халық саны екі жолмен көбейетіні белгілі. Біріншісі, туу арқылы. Екіншісі, көші-қон жолымен. 2012 жылдан бастап елімізде халық санының тек туу арқылы көбейіп келе жатқаны құпия емес. Тіпті, 2020 жылы туудың жиынтық коэффициенті бір әйелге орта есеппен 3,1 баладан, 2021 жылы 3,3 баладан келді. Бұның өзін кейбір сарапшылар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға белгіленген жәрдемақының енгізілуімен байланыстырған болатын.


Жолдаудағы ана мен баланы, балалы отбасыларды қолдауға арналған бұл және басқа да әлеуметтік өзгерістер тиімді іске асып жатса, туу деңгейінің төмендемеуіне, тіпті жоғарылауына да оң әсерін тигізері сөзсіз.

Халық санын көбейтудің екінші жолы ретінде Президентіміз қандастардың көші-қон мәселесіне баса назар аударды.


Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6%), Маңғыстау (18,3%), Түркістан (9,8%) және Жамбыл (6,3%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (8,1%) қалаларына қоныстанған[1].

Қарап отырсақ, жоғарыда аталған өңірлердің барлығы дерлік демографиялық жағынан «қолайлы» аймақтарға жатады, яғни бұл өңірлерде халық саны туу есебінен, сонымен бірге Алматы, Нұр-Сұлтан, және Шымкент қалаларында ішкі көші-қон есебінен де өсуде.


Бұл орайда, Президентіміз қандастарды қоныстандыру мәселесінде демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керектігін баса айтты.

 

 



[1] https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/396203?lang=kk



Қарау саны: 4344
Сақталған: 15.09.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!