ERI-дің Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесуі

16.09.2022

15 қыркүйекте "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) өкілдері Қазақстандағы Дүниежүзілік банк мамандарымен кездесті.  

Кездесуге ERI Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов, ERI Басқарушы директоры Бауыржан Мұқан, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар және Қазақстандағы Дүниежүзілік банк өкілдері: аға экономист Уильям Хатчинс Зейц (William Hutchins Seitz), әлеуметтік қорғау саласындағы аға маман Иван Шульга, әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы консультант Мария Устинова қатысты.

Руслан Сұлтанов Институттың құрылымы мен қызметі туралы айтып, әлеуметтік саясат және халықтың өмір сүру сапасын арттыру саласындағы сарапшылардың жүргізіп жатқан жұмыстарын түсіндірді, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Қазақстанда осы салада жоспарланып отырған іс-шаралары туралы сұрады. 

Уильям Хатчинс Зейц Дүниежүзілік банктің халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласындағы зерттеулерінің негізгі бағыттарын атап өтті. Ол автоматтандырылған бағдарламаны қолдана отырып, әлеуметтік қорғау бағдарламаларының тиімділігін анықтау бойынша бірлескен зерттеу жүргізуге назар аударды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар бастамаларды қолдап, одан әрі жемісті ынтымақтастық бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді.



Қарау саны: 3756
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!