Индустриялық қалалардың экономикалық трансформациясы
16.09.2022
Моноқалалардың үлесіне Қазақстан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жартысынан астамы тиесілі (53% — 2021 жылдың 11 айы). Бүгін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов Қарағандыдағы "Индустриялық қалалардың экономикалық трансформациясы" атты дөңгелек үстелге қатысты. Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісінің едәуір бөлігі моноқалаларда шоғырланған. Елімізде 27 моноқала бар. Соңғы деректер бойынша (2021 жылғы 1 қазан) моноқалаларда 1,4 млн адам немесе ҚР халқының жалпы санының 7,4% - ы тұрған.
Халықтың көші-қон ағыны байқалады: 1999 жылдан бастап моноқалалардың халқы 3 млн-нан қазіргі 1,4 млн адамға дейін қысқарды. Еңбекке қабілетті халықтың кетуі және табиғи көбею деңгейінің төмен болуы нәтижесінде моноқалалардың халқы қартаюда. 2022 жылдың басында моноқалаларда зейнеткерлік жастағы адамдардың үлесі 5,9% – дан (Жаңаөзен) 24,5% – ға дейін ауытқиды (Алтай қ. – 24,5%, Лисаков қ. - 23,7%, Риддер қ. - 21,3%). Мұндай жағдай аумақтардың одан әрі даму әлеуетіне теріс әсер етеді, олардың қаржылық тұрақтылығы мен ұзақ мерзімді және тұрақты экономикалық дамуы үшін адами ресурстардың болуы туралы сұрақ туғызады.
Қарау саны: 3739 |
|
|