ҰБО және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

21.09.2022

20 қыркүйекте "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов пен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын ілгерілету және сақтау бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Бұған дейін Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) өкілдерінің Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесуі аясында 2021 жылғы 9 қарашада Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жоспардың мақсаты-көпұлтты компаниялар үшін адам құқықтарын сақтау бөлігінде Қазақстан аумағында ҰБО қызметін ілгерілету және ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын тарату саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен ERI арасындағы ынтымақтастық Қазақстанның ҰБО қызметін жаңа сапалы деңгейге шығаруға және бизнесті жауапты жүргізу бойынша ЭЫДҰ стандарттарын "іске асыру және енгізу" режиміне өтуге мүмкіндік береді.

Бірлескен қызмет елдің инвестициялық саясатын арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ көпұлтты компаниялардың қызметкерлері үшін де, өзге де мүдделі тараптар үшін де әлеуметтік-экономикалық позицияларды жақсартады.  

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл — адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету, оларды мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, өзге де ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың сақтауы мен құрметтеуі мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес белгіленген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам

ҰБО — ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлықпен күрес, пара алу және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган. 


Сондай-ақ оқыңыз:
ҰБО-ның Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен кездесуі



Қарау саны: 3679
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!