8 қыркүйекте онлайн-семинар өтеді
01.09.2020
2020 жылғы 8 қыркүйекте сағат 15.00-де «Өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу практикасы» тақырыбы бойынша онлайн-семинар өтеді. Іс-шараға Экономикалық зерттеулер институтының мамандары, сондай-ақ: Қазақстан Әзірлеушілер Ассоциациясының өкілдері, Эксперттік ұйымдар палатасының және Астана бағалаушылар палатасының мүшелері, «KazInspectService» ЗТБ қатысады. Семинарға
қатысушылар өзін-өзі реттеу институтының құрылу тарихымен, ӨРҰ негізгі
мақсаттарымен, қағидаттарымен және түрлерімен, РӘТ рәсімін өткізу
тәртібімен танысады. Жақында Қазақстанда «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР Заңы іске асырылуда, оның қабылдануы экономикалық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңімен белгіленді. Мемлекет мемлекеттік реттеуді қысқарту арқылы кәсіпкерлер мен олардың бірлестіктеріне кәсіпкерліктің тиісті салаларын дербес дамытуға мүмкіндік береді. ӨРҰ-ны енгізу өнімге (тауарларға), өндіріс пен өткізу процестеріне, сондай-ақ халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне байланысты салаларда мемлекет талаптар белгілеген салалар үшін мүмкін емес болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда бағалау қызметі мен заң консультанттарының қызметі саласында міндетті өзін-өзі реттеу енгізілді. Денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі, экологиялық аудит, өнеркәсіптік қауіпсіздік және техникалық реттеу, оңалту және банкроттық сияқты салалар ерікті өзін-өзі реттеуге көшті. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өздері әзірлейтін құжаттар жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс. Реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе нақты айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру болып табылады. Реттеушілік әсерді талдау міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді қолдану тиімділігіне байланысты реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша ол енгізілуі, жойылуы немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін.
Қарау саны: 5926 |
|
|