Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы артып келеді

23.09.2022

2021 жылдың қорытындылары бойынша Ресей Қазақстан экономикасына инвестициялар көлемі бойынша алғашқы бес елдің қатарына кіреді


Стратегиялық әріптестер бола отырып, Қазақстан мен Ресей тиісті келісімдер шеңберінде өздеріне алған міндеттемелерін орындауға міндетті.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негізінде тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығының директоры Долорес Тюлебекова.

ҚР тауар айналымындағы РФ үлесі 2021 жылы 23,9% ($24,2 млрд), ал ағымдағы жылдың 7 айында 27,9% ($20,7 млрд) құрады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы артып келеді. 


Жеткізілімдердің жолға қойылған сауда жолдары оң әсер етеді.

Ресейлік тауарлардың импортының құрылымына сүйене отырып, екі елдің сауда қатынастарының тығыз байланысы туралы айтуға болады. ҚР-дың РФ-нан импортында кәсіпкерлер үшін де, халық үшін де арналған өңделген және дайын тауарлар қомақты үлеске ие екенін атап кеткен жөн.

Бұдан басқа, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Ресей Нидерланды, АҚШ, Швейцария және ҚХР-мен қатар Қазақстан экономикасына инвестициялар көлемі бойынша алғашқы бес елдің қатарына кіреді. Ресейден Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бес жыл ішінде 58,3% – ға - $1,2-дан $1,9 млрд-қа дейін өсті.

Екіжақты қатынастардағы кез келген шектеу шаралары қолданыстағы келісімшарттарды іске асыру бөлігінде Қазақстанның бизнес-ортасына теріс әсер етеді. Тұтастай алғанда, қазіргі заманғы жағдайларда өңірлік байланыстар мен интеграциялық процестердің маңыздылығын түсіну қажет, олардың шеңберінде, оның ішінде халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, өзара тиімді қатынастар ұзақ мерзімді перспектива болып табылады.


Қазақстан үшін өңірлік ынтымақтастық мәселесі ерекше маңызға ие. Геосаяси жағдайларға байланысты бүгінгі күні қиындықтар туындап отыр, бірақ сауданың Қазақстан экономикасы үшін экономикалық үлесін жете бағаламауға болмайды.




Қарау саны: 3818
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!