Сауалнама: Қазақстан қалаларында өмір сүру сапасын зерттеу
03.10.2022
Бүгінде әлемде урбандалудың белсенді процесі жалғасуда. Қалалар экономикалық өсу мен өркендеудің орталықтарына айналуда. Егер 1960 жылы қалаларда жер халқының тек 1/3 бөлігі өмір сүрсе, БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай қала тұрғындарының үлесі 68% жетеді.
Халықтың шоғырлануы, "білім экономикасы" секторларының дамуы қалаларға басқа аумақтарға қарағанда жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан әлемде дарындар, инвестициялар және басқа ресурстар үшін қалалар арасындағы бәсекелестік күшейе түсуде. Өз қалаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан қалаларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырып, дәстүрлі қалалық проблемаларды да, бәсекеге қабілеттілікке, экологиялық тұрақтылыққа және инновацияларды дамытуға байланысты салыстырмалы түрде жаңа мәселелерді шешудің жаңа құралдарын іздеуі тиіс.
Зерттеу аясында халықтың өмір сүру сапасы мен жайлылық деңгейін өлшеу мақсатында Қазақстанның 25 қаласының тұрғындарына әлеуметтік сауалнама жүргізу көзделеді. Сауалнама қала тұрғыны өмірінің білім беру және медициналық қызметтердің сапасы, негізгі тауарлардың (су, жарық, жылу) қолжетімділігі, жұмыспен қамту, өзін-өзі дамыту, бос уақыт, қалалық инфрақұрылымның жай-күйі, ұтқырлық, қалалық орта, экология және т.б. сияқты аспектілерін қамтиды. Рейтинг күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қалалардың өзекті мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан қалаларының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ететін болады. Біз үшін осы қалалардың тұрғындарының пікірін тыңдау және рейтинг жасау кезінде және одан әрі әрбір елді мекен бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу кезінде оларды ескеру маңызды. Сауалнамаға қатысуға шақырамыз! САУАЛНАМАНЫ ТОЛТЫРУ Сондай-ақ оқыңыз: 2021 жылғы Қазақстан қалаларындағы өмір сапасының рейтингі
Қарау саны: 3855 |
|
|