ERI сарапшылары Қазақстанның моноқалаларындағы заманауи демографиялық үрдістерді талқылады

03.10.2022

Моноқала-өнеркәсіп өндірісі мен еңбекке қабілетті халықтың негізгі бөлігі бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы кәсіпорындарға, әдетте, қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді анықтайтын бір бейінді және шикізаттық бағыттағы (моно мамандандыру) кәсіпорындарға шоғырланған орта немесе үлкен қала.

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ пікірталас клубының отырысында ERI Орталығының жетекші сарапшысы Шынар Төлешова Қазақстанның 27 моноқаласының демографиялық үрдістерін талдаудың алдын ала деректерін таныстырды.

Спикердің айтуынша, соңғы онжылдықтағы (2011-2021жж.) моноқалалардың демографиялық үрдістерін талдау оларды төмендешілерді есепке ала отырып жіктеуге мүмкіндік берді:

- зерттелетін кезеңдегі халық санының өзгеруі (2011 жылмен салыстырғанда 2021 жылы);

- халықтың қартаю деңгейі (зейнеткерлік жастағы халықтың үлесі);

- халықтың туу коэффициенті (жалпы туу коэффициенті);

- халықтың өлім-жітімі (жалпы өлім-жітім коэффициенті).

 "Моноқалаларды олардың демографиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып жіктеу болашақта олардың демографиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді", — деп атап өтті Шынар Төлешова.

Сарапшы моноқалалардың демографиялық сипаттамалары бойынша шартты түрде бөлінген бес тобын ұсынды.

Толығырақ: Моноқалалардың жіктелуі

 

ERI сарапшыларының пікірлері:

"Кәсіпкерлікті дамыту арқылы моноқалалардың проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу кезінде осы қала халқының менталитеті қалай әсер етеді? Өнеркәсіптік қалаларда, мысалы, Павлодар облысында тарихи қалыптасқан өмір салты байқалады (халықтың көп бөлігі қала құраушы кәсіпорында жұмыс істеген кезде және олардың балалары өздерінің болашақ өмірін тек осы кәсіпорынмен байланыстырады)", — ERI Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов.

"Моноқалаларды дамыту бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде демографиялық факторларды әлеуметтік-экономикалық факторлармен салыстыру қажет. Мысалы, қала құраушы кәсіпорындар өндірісінің түрлеріне, ресурстық әлеуеттің болжамдарына назар аудару қажет", - ERI Басқарма төрағасының орынбасары Әлихан Абақанов.

"Моноқалалардың дамуында көптеген факторларды, соның ішінде мәдениет факторын, яғни қоғамда үстемдік ететін құндылықтарды ескеру қажет екендігімен келісемін. Осыған байланысты құндылықтарды анықтау және бағалау бойынша мәдениеттанушылармен бірлесіп зерттеу жүргізу және сол моноқалалардың экономикалық дамуына әсер ететін осы құндылықтарды ескере отырып, рекомедациялар әзірлеу қажет", — ERI Орталығының жетекші сарапшысы Дина Бектлеева.



Қарау саны: 3752
Сақталған: 31.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!