ERI сарапшылары Қазақстанның моноқалаларындағы заманауи демографиялық үрдістерді талқылады
03.10.2022
Моноқала-өнеркәсіп өндірісі мен еңбекке қабілетті халықтың негізгі бөлігі бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы кәсіпорындарға, әдетте, қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді анықтайтын бір бейінді және шикізаттық бағыттағы (моно мамандандыру) кәсіпорындарға шоғырланған орта немесе үлкен қала. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ пікірталас клубының отырысында ERI Орталығының жетекші сарапшысы Шынар Төлешова Қазақстанның 27 моноқаласының демографиялық үрдістерін талдаудың алдын ала деректерін таныстырды. Спикердің айтуынша, соңғы онжылдықтағы (2011-2021жж.) моноқалалардың демографиялық үрдістерін талдау оларды төмендешілерді есепке ала отырып жіктеуге мүмкіндік берді: - зерттелетін кезеңдегі халық санының өзгеруі (2011 жылмен салыстырғанда 2021 жылы); - халықтың қартаю деңгейі (зейнеткерлік жастағы халықтың үлесі); - халықтың туу коэффициенті (жалпы туу коэффициенті); - халықтың өлім-жітімі (жалпы өлім-жітім коэффициенті). "Моноқалаларды олардың демографиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып жіктеу болашақта олардың демографиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді", — деп атап өтті Шынар Төлешова. Сарапшы моноқалалардың демографиялық сипаттамалары бойынша шартты түрде бөлінген бес тобын ұсынды. Толығырақ: Моноқалалардың жіктелуі
ERI сарапшыларының пікірлері:
Қарау саны: 3762 |
|
|