ҰБО және ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті

05.10.2022

ҰБО қызметі бойынша сертификаттау жүйесін оңайлату және ынтымақтастықты жандандыру


3 қазанда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Ұлттық байланыс орталығының (бұдан әрі – ҰБО) қазақстандық кеңсесі ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының м.а. Қуаныш Елікбаевпен кездесу өткізді.

Кездесу аясында Хатшылық өкілдері Қазақстан ҰБО-ның ағымдағы жұмысы мен қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өздеріңіз білетіндей, ERI ҚР Ұлттық экономика министрлігі атынан 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) Хатшылығы болып белгіленді.

Қазақстан ҰБО-сы - ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарының ережелерін бұзу туралы өтініштер бойынша шешім қабылдайтын алқалы кеңесші орган. 

Тараптар адам құқықтары мен экологияны қорғау, салықтарды төлеу, жұмысшылар үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету, әділ бәсекелестік жағдайларын қолдау, парақорлыққа қарсы күрес және ғылыми-техникалық саясаттағы жетістіктерді тарату саласындағы ЭЫДҰ-ның  көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарына сәйкес бизнесті жауапты жүргізу стандарттары бойынша мәселелерді талқылады.

ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттары- мемлекеттік саясатқа қайшы келмейтін көпұлтты компаниялардың қызметін қамтамасыз етуге, кәсіпорындар мен қоғам арасындағы өзара сенім негіздерін нығайтуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесуге және көпұлтты кәсіпорындардың орнықты дамуға қосқан үлесін кеңейтуге арналған қағидаттар жиынтығы. Тауарларды сертификаттау рәсімдерін жүргізу кезінде микробизнес өкілдері үшін нөлдік тарифпен байланысты өзекті мәселелер де қаралды.

Негізгі мәселе өндіріспен айналысатын микробизнес өкілдеріне қатысты жүктемені жеңілдету және азайту бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуге қатысты болды. Бұл шара микробизнес өкілдері өндіретін тауарларды сертификаттау құнын төмендетуге мүмкіндік береді, бұл кәсіпкерлердің белсенді қызметін ынталандырады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар ҰБО қызметіне өзара қызығушылықтың бар екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті белсенді ынтымақтастыққа дайындығын атап өтті.

Суретте солдан оңға қарай: ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қуаныш Елікбаев, ҰБО Хатшылығының Басшысы Әзиза Қасенова, "ЭЗИ" АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов.


Анықтамалық:

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті-Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомствосы. Реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.



Қарау саны: 3786
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!