БҰҰ форумы: СА мен ОA-да ТДМ-ге қол жеткізуге не кедергі келтіреді

10.10.2022

6-7 қазанда тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша Солтүстік және Орталық Азияның Алтыншы көпжақты форумы 
(бұдан әрі - Форум) өтті.
 
Форум аясында Солтүстік және Орталық Азия елдері үшін ерікті ұлттық шолуларды (ЕҰШ) дайындау бойынша Семинар өтті. 



2023 жылы Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан екінші ЕҰШ-ты ұсынады. Бұл семинарда Қазақстан өкілі - "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Орталығының директоры Бақытгүл Хамбар ЕҰШ дайындау тәжірибесімен бөлістіОл ERI сарапшыларының қаржыландыруды бағалау, гендерлік талдау және басқа да маңызды бағыттар бойынша жүргізген талдамалық жұмыстары туралы айтты. 

Хамбар ерікті ұлттық шолуды дайындау бойынша жұмысты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшылығымен ERI жүргізгенін атап өтті. Ол Шолуды дайындауда азаматтық сектордың қатысуының маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді. 

Семинарға қатысушыларды мүдделі тараптарды ЕҰШ дайындауға тарту және ел үшін басым мақсаттарды айқындау жөніндегі Қазақстан тәжірибесі қызықтырды. Олар әрбір ТДМ бойынша инсталляциялар ұсынылған Шолу дизайнының бірегейлігін атап өтті.
 

Семинар жұмысына Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының басшысы Ксения Верба да қатысты. Ол қазақстандық жеке сектор мен ҮЕҰ қатысуымен Жоғары деңгейдегі саяси форум аясында қатарлас іс-шараны ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс туралы айтып берді..
 
Форум аясында келесі мәселелер талқыланды:
  • COVID-19-дан кейін қалпына келу;

  • Барлық адамдар үшін су ресурстары мен санитарияның болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;

  • Арзан, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

  • Тұрақты инфрақұрылым құру;

  • Қалалардың ашықтығын, қауіпсіздігін, экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • Тұрақты даму мүддесінде Жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жүзеге асыру және жандандыру құралдарын нығайту.
 
Барлығы 2030 жылға дейінгі кезеңге тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруды қамтамасыз ету үшін экологиялық, әлеуметтік және экономикалық секторларда кешенді шаралар әзірлеу қажеттігін атап өтті.

 
«Соңғы оқиғалар дағдарыс кезеңі аяқталуға жақын емес екенін көрсетеді. Солтүстік және Орталық Азиядағы COVID-19 - дан кейін қалпына келу әрекеттеріне геосаяси дағдарыс кедергі келтірді, содан кейін энергия бағасының жоғарылауы, инфляция, ақша аударымдарынан түсетін кірістің төмендеуі, сондай-ақ теңіз және құрлықтағы жүк тасымалының тоқтап қалуы», — деді Армида Салсия Алишахбана, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары және Азия мен Тынық мұхиты өңiрi бойынша Экономикалық және әлеуметтiк комиссиясының (АТМЭӘК) Атқарушы хатшысы, форумды аша отырып.
 
Ағымдағы бағалаулар бойынша Солтүстік және Орталық Азия 2030 жылға қарай Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізе алмайды. COVID-19 пандемиясы жағдайында субөңірде өсіп келе жатқан теңсіздік тіркелді. Білімге қол жетімділіктің теңсіздігі сақталады, ал қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше мақсаттарға қатысты регрессия үрдістері байқалады.
 
«Бүгін біз көптеген өңірлік қиындықтарға тап болдық, олардың шешімі бізді 2030 жылға қарай ТДМ-ға қол жеткізуге жақындата алады. Сондықтан біз Орталық Азияның әрбір елінің игілігі үшін неғұрлым тиімді шаралар мен практикалық шешімдерді әзірлеу үшін күш - жігерімізді біріктіруіміз керек» - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов.
 
Азия-Тынық мұхиты өңірінің 34 елінен 270-тен астам лауазымды адамдар мен басқа да мүдделі тараптар өздерінің көзқарастарымен бөлісу және барлық деңгейдегі серіктестікті дамыту негізінде таза сумен, қолжетімді және таза энергиямен, тұрақты инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты ТДМ-ға қол жеткізудегі прогресті қалай жеделдету керектігі туралы ұсыныстар беру үшін форумға қатысты.
 
«Елдер өздері тап болатын мәселелерді шешу үшін оқшауланған түрде жұмыс істей алмайды. Көлік, сауда және энергетикалық инфрақұрылым тұрғысынан елдер арасындағы байланыстарды нығайту үлкен маңызға ие. Дүние жүзіндегі елдер топтары арасындағы серіктестік тығыз интеграция өркендеу жолы екенін көрсетті», — деді БҰҰ Еуропа мен Орталық Азиядағы даму мәселелерін үйлестіру бюросының өңірлік директоры Гви - Йеоп Сон.
 
Нәтижесінде қатысушылар тұрақты дамуды қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу мәселелері мен перспективаларын бірлесіп талқылаудың маңыздылығын атап өтті. 

Тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша Солтүстік және Орталық Азияның Жетінші көпжақты форумы Өзбекстанда  өтеді.



Қарау саны: 3853
Сақталған: 27.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!