Қостанай облысында ERI сарапшылары моноқалалардың демографиялық үрдістеріне талдау дайындауда
10.10.2022
Қостанай облысында ERI сарапшылары моноқалалардың демографиялық үрдістеріне талдау дайындауда. Сапардың мақсаты-Қостанай облысының моноқалалары (Арқалық, Жітіқара, Лисаковск, Рудный) мысалында халықтың әлеуметтік хал-ахуалы мен көші-қон көңіл-күйін зерттеу. Олардың әрқайсысында ERI сарапшылары әкімдік, бизнес, жұртшылық өкілдерімен кездесіп, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылайды. Талқыланатын мәселелер қатарында:
Халықтың әлеуметтік хал-ахуалы мен көші-қон көңіл-күйін өлшеу мақсатында моноқалалардың тұрғындарына әлеуметтік сауалнама жүргізу жоспарлануда. Зерттеу нәтижелері өңірлік саясат шараларын, өңірлердегі адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін қолданылады. Бүгінде моноқалалардағы әлеуметтік-демографиялық жағдайға үлкен назар аударылуды. Халықтың өмір сүру сапасы бойынша әртүрлі көрсеткіштер талданады. Моноқалалардағы демографиялық үрдістерді талдау жалпы облыстық деректермен салыстырғанда жүргізіледі. Мысалы, соңғы онжылдықта облыс халқының саны 2011-2015 жылдары 0,5% - ға (879 635 адамнан 883 806 адамға дейін) өсім көрсетті, бірақ кейінгі жылдары олардың саны 2,9% - ға төмендеді. Көрнекі мысал ретінде Арқалық қаласын алуға болады, онда 2011-2015 жылдары халық саны 7% - ға (27 726-дан 29 670 адамға дейін) өсім көрсетті, бірақ 2016 жылдан бастап 13,6% - ға төмендеу байқалды (29 670 адамнан 25 630 адамға дейін). Бұл ретте халықтың жас құрылымы соңғы бес жылдық кезеңде балалардың үлесі 28,5% - дан 30,6% - ға дейін өсті, ал еңбекке қабілетті жастағы халықтың үлес салмағы 60,4% - дан 58,9% - ға дейін төмендегенін көрсетті. Зейнеткерлік жастағы халықтың үлесі 10,5% - дан 11,3% - ға дейін ауытқиды.
Қарау саны: 3777 |
|
|