Астанада АӨСШК VI саммиті өтуде

14.10.2022

Астанада АӨСШК VI саммиті өтуде

Халықаралық форумға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) елдері мен үкіметтерінің басшылары қатысады.

 

Әзірбайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР төрағасының орынбасары АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған АӨСШК VI саммитіне қатысуда.


14 қазанда Астанада Достастықтың жоғары органы-ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің отырысы өтеді. Іс-шара барысында ТМД алаңындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылау, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарды қарау және қабылдау жоспарлануда.

Айта кетейік, бұған дейін АӨСШК саммитінің күн тәртібі мен қорытынды құжаттардың жобалары АӨСШК арнайы жұмыс тобының отырысында талқыланған болатын.

Атап айтқанда, саммитте АӨСШК аға лауазымды адамдарының комитеті АӨСШК трансформациясы туралы астаналық мәлімдемені, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі АӨСШК іс-қимыл жоспарын және АӨСШК көшбасшыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қауіпсіздігі және оларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдемесін қарауды және қабылдауды жоспарлап отыр.

2022-2023 жылдарға арналған АКТ және АКТ-ны пайдалану саласындағы қауіпсіздік жөніндегі АӨСШК сенім шараларын іске асыру тұжырымдамасы мен жоспары, адами өлшем жөніндегі тұжырымдама талқылауға және бекітуге жоспарланған.

Бұдан басқа, алдағы АЛАК күн тәртібіне Кувейтті АӨСШК-ға толыққанды мүше ретінде қосу туралы мәселе енгізілетін болады.

Саммит басталар алдында АӨСШК мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында меморандумға қол қойылды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясы барысында алғаш рет айтқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру идеясы 30 жылдан кейін жаһандық диалогтың геосаяси тұрақсыздығы мен тиімді алаңдарының тапшылығын ескере отырып, Азия макроөңірінде өзінің өзектілігі мен қажеттілігін растайды.


2020 жылдан 2022 жылға дейін қоса алғанда Қазақстан АӨСШК төрағасы болып табылады.

Кездесу АӨСШК-нің жоғары басқарушы органы болып табылады. Ол АӨСШК қызметінің басымдықтарын айқындайды, басшылықты қамтамасыз етеді және негізгі бағыттарын әзірлейді, АӨСШК мақсаттарын іске асыруға қатысты түйінді мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, оның ішкі тетігі мен жұмыс істеуінің, басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен және форумдармен өзара іс-қимылының түйінді мәселелерін шешеді.

Сондай-ақ мүше мемлекеттер үшін қызығушылық тудыратын аса маңызды халықаралық мәселелерді қарастырады


Бүгінгі таңда кеңеске 27 мүше мемлекет қатысады: Ауғанстан, Әзірбайжан, Бахрейн, Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Египет, Үндістан, Иран, Ирак, Израиль, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Катар, Корея Республикасы, Ресей, Шри-Ланка, Тәжікстан, Тайланд, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Вьетнам.

Бақылаушылар ретінде 9 мемлекет (Беларусь, Индонезия, Жапония, Лаос, Малайзия, Филиппин, Түрікменстан, Украина, АҚШ) және 5 ұйым (Халықаралық көші-қон ұйымы, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері лигасы, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы) қатысады.

Серіктес ұйымдар: Қазақстан халқы ассамблеясы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, ШЫҰ, ШЫҰ-ның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы.

Бүгінгі таңда АӨСШК 5 өлшем бойынша көп қырлы күн тәртібі бар беделді халықаралық форум болып табылады: экономика, экология, адамдар, сын-қатерлер мен қауіптер, әскери-саяси өзара іс-қимыл.

 

Экономикалық өлшемде ұйым ынтымақтастықтың 10 басымдығын бөліп көрсетеді:

  1. Көлік байланыстарының әртүрлі нысандарын ынталандыру бойынша ынтымақтастық.

  2. Қауіпсіз және тиімді көлік дәліздерін дамыту бойынша ынтымақтастық.

  3. АӨСШК өңірінде энергия ресурстарын тасымалдау мен жеткізудің тиімділігі мен қауіпсіздігін дамыту мен арттыруды қоса алғанда, энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдарды қабылдау.

  4. Осы салада ақпарат алмасу арқылы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және мүше мемлекеттердің туристік ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайту.

  5. Мүше мемлекеттер арасында сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейту тәртібімен іскерлік визалар беру туралы мәселені шұғыл қарауды қоса алғанда, визалық рәсімдерді оңайлату.

  6. Қаржы секторлары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту.

  7. Шағын және орта бизнес саласындағы іскерлік мүмкіндіктерге жәрдемдесу.

  8. Инвестициялық мүмкіндіктер мен ынтымақтастықты кеңейту.

  9. Коммуникациялық және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты ынталандыру.

  10. Сауда және экономиканың басқа салаларында жалпы мәліметтер базасын құру.




Қарау саны: 4007
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!