Тікелей эфир: ERI және ҚАА ТДМ іске асыру мәселелерін талқылады

18.10.2022

ERI сарапшысы: БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін одан әрі іске асыру үшін ТДМ-ды оқшаулауды жүзеге асыру қажет

 

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сарапшысы Алтынгүл Өтебаева БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыру мәселелері бойынша "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ тікелей эфиріне қатысты.


2015 жылдың 25 қыркүйегінде БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, соның ішінде мемлекет және үкімет басшылары 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібін қабылдады, ол кедейлікті жоюға, теңсіздікпен күресуге және әділетсіздікке, сондай-ақ климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешу бағытталған 17 Тұрақты даму мақсаттарының тізімін қамтиды.

 

Тікелей эфирдің мақсаты - тыңдаушыларға Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың негізгі үрдістері және 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізуге әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпарат беру.

 

Талқылаудың негізгі мәселелері:

Қазақстанда ТДМ іске асырудың жалпы үрдісі;

— елдегі ТДМ мониторингі;

— елдегі ТДМ-ға қол жеткізуге сыртқы факторлардың әсері;

— Орталық Азия елдеріндегі өзара іс-қимыл және ТДМ жетістіктері мәселелері;

— гендерлік теңсіздік мәселелері;

— ТДМ іске асыру бойынша одан әрі қадамдар және т. б.

 

2022 жылғы Жаһандық  тұрақты даму индексіне сәйкес Қазақстанда 1 ТДМ 1: "Кедейлікті жою" және 10 ТДМ: "Теңсіздікті қысқарту" қол жеткізілді, деп атап өтті ТДМ жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Алтынгүл Өтебаева.

 

Спикер ағымдағы айда ТДМ бойынша Үйлестіру кеңесі бекітілгенін; ТДМ жетістіктерінің мониторингі жөніндегі Комитет жұмыс істейтінін, оның алаңында ұлттық индикаторларға қол жеткізу жөніндегі мәселелерді талқылау жүзеге асырылатынын хабарлады. 262 ұлттық индикатордың 87-сі стратегиялық құжаттарға енгізілуі тиіс.

 

«Қазір әлем алдында тұрған геосаяси, экономикалық және технологиялық факторлар, сондай-ақ постковидтік кезең жағдайында 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізуді болжау қиын, бірақ 2019-2021 жылдары қабылданған Үкіметтің белсенді шаралары (мысалы, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша Заң қабылдау, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын өзектендіру және т. б.) оған қол жеткізудің белгілі бір қадамдары», — деп толықтырды Алтынгүл Өтебаева.

 

Сондай-ақ, спикер елімізде ТДМ іске асырудың институционалдық негізі құрылғанын және ТДМ ұлттық индикаторлары бекітілгенін атап өтті. БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін одан әрі іске асыру үшін ТДМ-ны оқшаулауды жүзеге асыру қажет.

 


Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен "Азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу" жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

 

ҚАА тарапынан Ассоль Ақышева-Мирманова модератор болды.

 

 

Тікелей эфир жазбасын қарау



Қарау саны: 4001
Сақталған: 24.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!