Сарапшылар Орталық Азия елдері мен Ресей ынтымақтастығының перспективаларын талқылады

19.10.2022

18 қазанда Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты Ресей Ғылым академиясының Е.М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азия – Ресей: бірлескен дамудың күн тәртібі" атты алғашқы сараптамалық форум өтті».

Іс-шара Орталық Азия елдері мен Ресейдің кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастығының мәселелері мен перспективаларына арналды. Форум Ресей Федерациясының, Қазақстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның жетекші Think tank (талдамалық орталықтары) біріктірді.


Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев, РФ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан сәлемдесу сөзімен сөйледі.



Форум аясында тақырыптар бойынша үш панельдік пікірталас өтті:


— «Орталық Азия мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығын дамыту жолдары».


— «Өңірлік қауіпсіздіктің қиындықтары мен тәуекелдері: жеңу мүмкіндіктері».


— «Адами капиталды дамыту: білім, ғылым, инновация саласындағы ынтымақтастық».



Форумда "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Доролес Тюлебекова таныстырды.



Сарапшы екінші панельдік талқылауда баяндама жасады. Ол өз сөзінде экономикалық ынтымақтастықты дамытудың төрт маңызды бағытын атап өтті:
  1. интеграция;
  2. сауда;
  3. көліктік-транзиттік әлеует;
  4. халықаралық алаңдар.

Спикер талдамалық орталықтардың ынтымақтастығында пәнаралық тәсілдің ерекше маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

 

«ERI бірлескен зерттеулер жүргізу үшін Орталық Азиялық Think Tank (талдамалық орталық) құруға дайын екендігін білдіреді», — деп қорытындылады Долорес Тюлебекова.

 



Қарау саны: 3747
Сақталған: 19.10.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!