АҚШ-тың еңбек нарығында қызық жағдай
20.10.2022
АҚШ-тың еңбек нарығында қызық жағдай Қыркүйек айында 264 000 жаңа жұмыс орны ашылды, ал жұмыссыздық деңгейі тамыздағы 3,7%-дан қыркүйекте 3,5%-ға дейін төмендеді. Бұл қыркүйекте жұмыс орындарының өсімі сәуір айынан бергі ең төменгі деңгейге дейін төмендегенін көрсетеді. Дегенмен, жұмыссыздық деңгейі төмендегеніне қарай отырып, өсім салыстырмалы түрде күшті болды деп айта аламыз. Тиісінше, бұл деректер экономиканың күтілгеннен гөрі күштірек екенін білдіруі мүмкін.
Жұмыс орындарының салыстырмалы түрде күшті өсуін байқалған салаларға құрылыс, өндіріс, кәсіби және іскерлік қызметтер, денсаулық сақтау және мейрамханалар кірді. Жұмыспен қамтудың құлдырауына ұшыраған салаларға бөлшек сауда, көлік және қойма, қаржылық қызметтер, мемлекеттік және жергілікті басқару кіреді. Үй шаруашылықтарына жүргізілген сауалнама қыркүйек айында жұмыс күшінің аздап қысқарғанын көрсетті, өйткені жұмыс күшіне қатысу аздап төмендеді. Сонымен қатар, жұмыспен қамту өсті. Бұған қоса, үкімет Америка Құрама Штаттарындағы жұмысшылардың орташа сағаттық жалақысы бір жыл бұрынғыдан 5%-ға өскенін хабарлады, бұл 2021 жылдың желтоқсанынан бергі ең баяу өсу қарқыны. Табыс алдыңғы аймен салыстырғанда 0,3%-ға өсті. Алайда жалақы инфляцияға төтеп бере алмай келе жатыр.
Сонымен қатар, АҚШ үкіметінің тағы бір есебі бос жұмыс орындарының саны тамыз айында күрт төмендеп, 2021 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге жеткенін мәлімдейді. Тамыз айында 10,1 миллион бос жұмыс орны болды, бұл наурыздағы рекордтық 11,9 миллионнан төмен. Екінші жағынан, тамыздағы бос жұмыс орындарының саны 7 миллионға жуық болған пандемияға дейінгі деңгейден әлдеқайда көп екенін атап өткен жөн. Оның үстіне бос жұмыс орындарының саны жұмыссыздар санынан екі есе дерлік қалып отыр. Осылайша, еңбек нарығында қызық жағдайлар байқалады – жұмыс орындары жетерлік бірақ жұмыс күші қысқарды; жұмыссыздықтың төмендеді, ал жалақы өсуі инфлияциядан артта келе жатыр.
Қарау саны: 3979 |
|
|