ҚР ҰБ деректері бойынша 2005 жылдан бастап Еуропалық Одақтан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $ 162,8 млрд құрады. Қазақстанның ең ірі инвесторы Нидерланды болды (ЕО инвестицияларының жалпы сомасынан 66,5%).
2022 жылдың алғашқы алты айында ЕО-дан инвестициялар ағыны $ 5,3 млрд құрады. 2022 жылғы негізгі инвесторлар:
I. Нидерланды – $3,3 млрд (немесе 62,7%)
II. Бельгия – $1,2 млрд (немесе 22%)
III. Франция – $299 млн (немесе 5,6%)
IV. Германия – $168 млн (немесе 3,1%)
V. Люксембург – $145 млн (немесе 2,7%)
2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕО инвестицияларының құрылымы борыштық құралдардан – 63,3% және үлестік құралдардан – 36,7% тұрады.