Қазақстаннан ТМД елдеріне экспорт 8 айда 14,4% - ға өсті
28.10.2022
Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-тамызда $ 21,7 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% - ға жоғары ($19,9 млрд).
Қазақстаннан ТМД-ға экспорт 2022 жылғы қаңтар-тамызда 14,4% - ға өсіп, $ 8,6 млрд құрады. ТМД елдеріне экспорттың өсуі мынадай тауарлар жеткізілімдерінің ұлғаюымен негізделеді: уран - 97% - ға немесе $256,4 млн-ға ($264,2-ден $520,6 млн-ға дейін), телефон аппараттары - өсу 2,2 е. немесе $236,8 млн-ға ($203,5-тен $440,3 млн-ға дейін), бидай - 35,2% - ға немесе $196,6 млн-ға ($558,5-тен $755,0 млн-ға дейін) алюминий оксидтері мен гидроксидтері - өсу 2,1 есе немесе $148,9 млн-ға ($139,3-тен $288,2 млн-ға дейін), есептеуіш машиналар - өсу 15,5 е. немесе $112,9 млн-ға ($7,8-ден 120,7 млн-ға дейін), өңделмеген мырыш - өсу 2,1 есе немесе $86,4 млн-ға ($78,6-дан $164,9 млн-ға дейін), ферроқорытпалар - 85,2% - ға немесе $81,2 млн-ға ($95,4-тен $176,6 млн-ға дейін). Сонымен қатар, келесі тауарлардың экспорттық жеткізілімдерінің төмендеуі байқалады: темір кендері мен концентраттары - 73,6% - ға немесе $617,7 млн-ға ($839,0-ден $221,3 млн-ға дейн), тегіс илек тазартылмаған болаттан жасалған жалатылған - 39,7% - ға немесе $154,1 млн-ға ($388,1-ден $234,0 млн-ға дейін), тегіс илек тазартылмаған болаттан жасалған суықтай илектелген - 41,5% - ға немесе $123,5 млн-ға ($297,8-ден $174,3 млн-ға дейін), тегіс илек тазартылмаған болаттан жасалған ыстықтай - 16,2% - ға немесе $81,5 млн-ға ($503,3-тен $421,8 млн-ға дейін). ТМД елдері бойынша біздің экспорттың 58%-ы Ресейге ($4,98 млрд), 25% - ы Өзбекстанға ($2,2 млрд), 6% - ы Тәжікстанға ($514,4 млн), 5% - ы Қырғызстанға ($414,6 млн) және 6% - ы Достастыққа мүше қалған бес елге кетеді. 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстаннан ТМД елдеріне экспорттың негізгі тауарлары: бидай - $ 755 млн (8,8% үлесімен), уран - $520,6 млн (6%), телефон аппараттары-$ 440,3 млн (5,1%), тазартылмаған болаттан жасалған жалпақ илек ыстықтай илектелген - $421,8 млн (4,9%), алюминий оксидтері мен гидроксидтері - $288,2 млн (3,3%), жалатылған тазартылмаған болаттан жасалған жалпақ илек - $234 млн (2,7%), бағалы металдар кендері мен концентраттары - $223,4 млн (2,6%), темір кендері мен концентраттары - $221,3 млн (2,6%), табиғи газ – $212,7 млн (2,5%), мыс кендері мен концентраттары - $184,7 млн (2,1%). ТМД елдерінен Қазақстанға импорт 2022 жылғы қаңтар-тамызда 5,1% - ға өсіп, $13 млрд құрады. ТМД-дан импорттың өсуі келесі тауарларды әкелудің ұлғаюымен негізделеді: жез кендері мен концентраттары - өсу 4,8 е. немесе $177,5 млн-ға ($47,1-дан $224,6 млн-ға дейін), автомобильдер үшін шанақ - өсу 2,1 е. немесе $123,2 млн-ға ($114,6-дан $237,9 млн-ға дейін), түтіктер мен қара металдардан жасалған дәнекерленген түтіктер - өсу 3,8 е. немесе $88,4 млн-ға ($31,1-дан $119,4 млн-ға дейін), бидай - өсу 2 е. немесе $85,2 млн-ға ($82,9-дан $168,1 млн-ға дейін), ұшқынмен тұтанатын іштен жану қозғалтқыштары - өсу 2,5 е. немесе $78,9 млн-ға ($53,7-ден $132,6 млн-ға дейін), күнбағыс тұқымы - өсу 11,5 е. немесе $71,6 млн-ға ($6,8-ден $78,4 млн-ға дейін), тазартылмаған болаттан жасалған жартылай дайын өнімдер - 28,3% - ға немесе $57,4 млн-ға ($203,1-ден $260,4 млн-ға дейін). Сонымен қатар, келесі тауарлардың импорттық жеткізілімдерінің төмендеуі байқалады: жеңіл автомобильдер - 79,9% - ға немесе $459,9 млн-ға ($575,4-тен $115,6 млн-ға дейін), вакциналар, қаннан жасалған сарысулар , қан - 76,5% - ға немесе $85,8 млн-ға ($112,1-ден $26,4 млн-ға дейін), темекі және оны алмастырғыштар, темекі сірінділері және эссенциялары бойынша - 76,9% немесе $61 млн-ға ($79,4-тен $18,4 млн-ға дейін), қант - 53,6% немесе $58,6 млн-ға ($109,3-тен $50,8 млн-ға дейін), алтын - 19% - ға немесе $46,3 млн-ға ($244,0-ден $197,7 млн-ға дейін). ТМД елдері бойынша біздің импорттың 84% - ы Ресейден ($11 млрд), 6% - ы Өзбекстаннан ($ 807,1 млн), 4% - ы Беларусьтен ($ 534 млн), 3% - ы Тәжікстаннан ($ 336,3 млн), 2% - ы Қырғызстаннан ($244,7 млн) және тек қана 1% Достастықтың қалған төрт мүшесінен. ТМД елдерінен Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары: бағалы металдардың кендері мен концентраттары - $326,6 млн (2,5% үлесімен), тазартылмаған болаттан жасалған жартылай дайын өнімдер - $260,4 млн (2%), ыстықтай илектелген өзге де тазартылмаған болаттан жасалған шыбықтар - $249,6 млн (1,9%), автомобильдерге арналған шанақтар - $237,9 млн (1,8%), мыс кендері мен концентраттары - $224,6 млн (1,7%), мырыш кендері мен концентраттары - $221,7 млн (1,7%), мұнай өнімдері - $ 210 млн (1,6%), өңделмеген немесе жартылай өңделген алтын немесе ұнтақ түрінде - $ 197,7 млн (1,5%).
Қарау саны: 4235 |
|
|