RCOY Central Asia өңірлік жастар конференциясында климаттың өзгеруі бойынша негізгі мәселелер талқыланды

01.11.2022

Астанада алғаш рет климат және су мәселелері бойынша Орталық Азияның Өңірлік жастар конференциясы (RCOY Central Asia) өтті. Сарапшылар өңірлік деңгейдегі климаттық өзгерістер тақырыбында пікірталас жүргізді. Олар Египеттегі COP-27 және COY-17 және 2023 жылы БҰҰ су ресурстары конференциясы қарсаңында негізгі мәселелерді қарастырды.

Конференцияға Орталық Азия елдерінен онлайн және офлайн форматтағы 150-ге жуық жас белсенділер, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ өкілдері мен талдау орталықтарының сарапшылары қатысты. Қонақтар ретінде Ұлыбритания мен Египет елшіліктерінің өкілдері шақырылды. 


Бейнеленген: Азамат Боранбаев,  Руководитель Управления Комитета по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан. Айнура Исламгалиева, специалист экономического отдела посольства Великобритании в Республике Казахстан. Жибек Абильдаева, Национальный координатор проекта «Стокгольм+50» ПРООН. Окушева Айша, Ведущий эксперт Секретариата по целям устойчивого развития Института Экономических исследований. Камшат Тусупова - советник по вопросам водной безопасности Satbayev University, PhD. Гульмира Сергазина, Менеджер портфеля проектов об изменении климата ПРООН Казахстан


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстандағы БҰҰДБ өкілдері, ЮНИСЕФ, SDSN Youth Kazakhstan бағдарламасының Үйлестірушілері сәлемдесу сөзімен сөйледі.

Соңғы жылдары әлемде де, Орталық Азия өңірінде да жаһандық климаттың өзгеруі байқалады. 

Өздеріңіз білетіндей, жылынуды бір жарым градус шегінде сақтау мақсатын "ұстап тұру" үшін 2030 жылға қарай жаһандық парниктік газдар шығарындыларын 45 пайызға азайтып, ғасырдың ортасына қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу қажет. 


Басқа елдерден келген делегаттар, RCOY Central Asia қатысушылары барлық қатысушылардың су секторы мен климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісуге тең мүмкіндіктері бар осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Қырғызстаннан келген үйлестіруші Ч. Айтахунова жалпы мәселелерді бірге шешу үшін осындай сипаттағы іс-шараларды тұрақты негізде өткізу қажеттігін атап өтті. Жас белсенді ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, өңір жастары климаттың өзгеру мәселелерін шешуге өз үлестерін қоса алатынын айтты.

Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың жетекші сарапшысы А. Окушева жылынудан басқа, жауын-шашын режимінің өзгеруіне, температураның ауытқуларына және су тасқыны, құрғақшылық, орман өрттері сияқты экстремалды құбылыстардың жиілігінің артуына әкелетін барлық табиғи жүйелердің теңгерімсіздігі орын алатынын хабарлады. Климаттың өзгеруіне сәтті бейімделу тек мемлекеттік саясатқа ғана емес, сонымен қатар басқа қатысушылардың, соның ішінде ұлттық, аймақтық, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік және жеке секторлардың, азаматтық қоғамның өкілдерінің осы процеске белсенді, үздіксіз қатысуына байланысты.  

Сәтбаев университетінің Су қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі кеңесшісі К. Түсіпова климаттың өзгеруінің гидрологиялық циклге әсері туралы баяндама жасады. Ол сондай-ақ жаһандық жылыну жаһандық су айналымының өзгеруіне әкелетінін атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасалып, өңірлік деңгейдегі климаттың өзгеруі бойынша негізгі мәселелер белгіленді. "Орталық Азия елдерінің біріккен жастар тобы бұдан әрі осы конференцияның қорытындысын Египетке Жаһандық жастар конференциясына жіберуді жоспарлап отыр", - деп атап өтті RCOY ОА қазақстандық үйлестірушісі Ш. Зипатолла. 

Өңірдің біріккен жастары тобының қызметіндегі келесі қадам 2023 жылы Нью-Йоркте өтетін БҰҰ-ның су ресурстары жөніндегі конференциясына қатысу болады.


Қарау саны: 3769
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!