ERI сарапшылары мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары төмен көміртекті даму мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастырады

04.11.2022

4 қарашада екі жақты кездесуде Институт атынан "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Бейсенғазин және ESG сараптама орталығы директорының орынбасары Балтабай Сыздықов қатысты. 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі тарапынан Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Елдос Абаканов пен Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің хатшысы Сәлімжан Нақпаев қатысты. 



Сарапшылар Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы жобасының негізгі тәсілдері мен пайымдауларын талқылады. Атап айтқанда, талқылау төмен көміртекті дамудың секторлық тәсілдеріне, оның ішінде энергетика, өнеркәсіптік процестер, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы секторларына, сондай-ақ қалдықтарды басқару секторына қатысты болды. 

 
Парниктік газдар шығарындыларына, жасыл сатып алуларға, экологиялық таңбалауға және т.б. Квоталармен сауда жүйесі құрамдауыштары болып табылатын көміртекті реттеудің тиімді жүйесін құру мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.  

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап Қазақстандағы климаттық күн тәртібін одан әрі ілгерілету және "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ мен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі арасындағы төмен көміртекті даму мәселелері бойынша ынтымақтастық қажеттігі туралы ортақ пікірге келді. 


Айта кетейік, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ барлық мүдделі стейкхолдерлерді – мемлекетті, бизнесті, қауымдастықтарды және халықаралық ұйымдарды диалогқа тарта отырып, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясының жобасын пысықтауды жалғастыруда.   

Мақсатқа жетудің сәттілігі бірлескен және жемісті жұмысқа тікелей байланысты. Экологияның шекарасы жоқ екенін және оны сақтау ортақ мәселе екенін есте ұстаған жөн.



Қарау саны: 3553
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!