Баспасөз-парағы

16.11.2022

Институт сарапшылары Ұлттық экономика министрлігімен, БҰҰ Даму бағдарламасымен және М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетімен бірлесіп орталық мемлекеттік органдармен семинар-кеңес ұйымдастырды.

2022 жылғы 15 қарашада М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің қабырғасында «Дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың негізгі миссиясы ретінде» тақырыбында Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс топтары мүшелерінің кездесуі өтті.


Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Хамбар Бақытгүл іс-шараның модераторы ретінде сөз сөйледі.

Іс-шараны ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Жанназарова Нұргүл Алмасқызы ашты, ол Үкіметтің ТДМ-ны ұлттық және өңірлік деңгейде ілгерілету бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты. 

«Ағымдағы жылы Үйлестіру кеңесінің мәртебесі көтерілді, егер бұған дейін бірінші Вице-премьер төрағалық еткен болса, қазір оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өзі басқарады», - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ, спикер Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясында сөйлеген сөзін атап өтті, онда Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін ТДМ бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын ашу ұсынылды, ол климаттың өзгеруі, Арал теңізі, су ресурстарын ұтымды пайдалану, шекараларды делимитациялау, экстремизмге қарсы күрес және өңірішілік сауданы кеңейту мәселелері сияқты өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін шешетін болады. 

«Біздің алдымызда ТДМ-ны тек ұлттық деңгейде ғана емес, өңірлік деңгейде де ілгерілету міндеті тұр. Сондықтан біз ТДМ - ны ілгерілету үшін мемлекеттік органдар, бизнес және үкіметтік емес сектор арасындағы тығыз өзара іс-қимылды дамытуымыз қажет», - деп толықтырды спикер.


«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Серікұлы Сұлтанов өз сөзінде Институттың сараптамалық-талдамалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмысы туралы айтып кетті. Осылайша, ел өңірлерінде ТДМ бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары атап өтілді, онда Институт сарапшылары «Миссия-2030» іскерлік ойынының бірегей құралы арқылы өңірдің өзекті мәселелерін анықтады.  

«Ағымдағы жылы ел халқы көбірек алаңдаған проблемалар: экология – 29%; инфрақұрылымды дамыту – 24,7%; білім және медицина сапасы – 22,9%; экономика (жұмыссыздық, инфляция) – 19%; сондай – ақ басқа да проблемалар (сыбайлас жемқорлық, немқұрайлылық, бюрократия) - 4,4%» - деді Руслан Серікұлы.


Сөз соңында спикер ведомствоаралық жұмыс топтарының одан әрі бірлескен жұмысы бойынша маңызды бағыттарды атап өтті.

«Бізге мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру; ТДМ оқшаулау жөніндегі жұмысты жандандыру; ТДМ бюджеттеу қағидаттарын ҚР бюджет процесіне интеграциялау; ТДМ іске асыруға ықпал ететін және жәрдемдесетін жергілікті және өңірлік институционалдық тетіктердің тиімділігін арттыру; Мемлекет, азаматтық қоғам, бизнес, халықаралық ұйымдар арасындағы диалогты жалғастыру; Орталық Азия елдерімен және басқа халықаралық серіктестермен тиімді өңірлік өзара іс-қимылды қолдау және басқа да маңызды бағыттарды іске асыру қажет» - деп атап өтті спикер.


Қазақстандағы БҰҰДБ жобасының менеджері Эльдар Идиятов сәлемдесу сөзімен сөйлеп, биылғы жылдың жазында БҰҰ штаб-пәтерінде сәтті таныстырылған Екінші ұлттық шолуды дайындау аясында атқарылған жұмыстар туралы айтты. 

«Өңірлердегі көшпелі іс-шаралар кезінде жергілікті атқарушы органдарға арналған оқыту семинарларынан және «Миссия-2030» іскерлік ойынын өткізуден басқа, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін экологиялық аспектілерді талқылауға кең бұқараны тартуға арналған Ерікті ұлттық шолуды талқылау платформасында «Стокгольм +50» ұлттық консультациялары өткізілді»» - деп  атап өтті спикер.


«М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Кәрібозова Айнұр Бағдатқызы ЖОО-ның тұрақты дамуға, атап айтқанда «Сапалы білім беру» №4 мақсатын іске асыруға қосқан үлесі туралы айтып берді.

«... Жоғары оқу орындары Тұрақты даму мақсаттарының күн тәртібіндегі негізгі қатысушылары болып табылады және біз осы тұжырымдаманы қоғамда, оның ішінде осындай іс-шаралар арқылы ілгерілетуге өз қызығушылығымызды растаймыз» - деп атап өтті спикер.


Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының  орынбасары Ерлан Кәрімов «ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың Жолдауы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының призмасы арқылы» таныстырылымымен сөз сөйледі, мұнда ол Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап кеткен маңызды даму бағыттары туралы айтып берді.

«Президенттің Жолдауында атап өтілген ел дамуының нақты шараларын қамтитын 5 басты бағыт еліміздің таяу жылдарға арналған өзекті мәселелерін шешуге арналған. Біз үшін «Жаңа экономикалық саясат» және «Нақты секторды дамыту» бағыттары ерекше маңызға ие, өйткені кейбір бастамалар біздің зерттеулеріміз аясында да талданды. Атап айтқанда, кәсіпкерлерді КТС-тен технологиялық жаңғыртуға, бизнеске жер учаскелерін ашық бөлуге және басқа да көптеген шараларға пайдадан босату бастамасы» - деп атап өтті Ерлан Кәрімов.


Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қатысушылар үшін «Миссия-2030» іскерлік ойыны ұйымдастырылды, оның модераторы Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Өтебаева Алтынгүл болды.

Ойын барысында қатысушылар сапалы білім беру және гендерлік теңдік мәселелерін ерекше атап өтті. Осылайша, орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен студенттер әйелдердің қоғамдағы осалдығының, атап айтқанда экономикалық ресурстарға қол жеткізудегі, ашық ақпараттық жұмыстағы және әйелдер мен қыздардың өз құқықтарын қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттырудағы проблемаларын атап өтті.

Білім беру бөлігінде, жоғары оқу орындарын бөлудің өңірлік диспропорциясы, өйткені олар негізінен Астана мен Алматы қаласында бөлінген. Өңірлік жоғары оқу орындарында білім беру сапасы, оларға түсудің транспаренттілігі, сондай-ақ жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері маңызды болып табылады.

Халықтың ауыз суға қол жеткізуі және экожүйелерді қалпына келтіру, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітімді қысқарту проблемалары да шетте қалған жоқ. 

Жалпы орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен студенттер Тұрақты даму мақсаттарының келесі өзекті міндеттерін таңдады:
  • ЖКО өлімі мен жарақаттану санын азайту;
  • Тегін бастауыш және орта білім беру;
  • Сапалы мектепке дейінгі оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық пен қанаудың барлық түрлерін жою;
  • Шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде әйелдердің жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету;
  • Халықтың қауіпсіз ауыз суға қол жеткізуі;
  • Жұмыс орындары мен кәсіпкерлікті құруға ықпал ететін саясатты дамыту;
  • Теңіз және жағалау экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру.


Анықтамалық: Жаһандық күн тәртібін іске асыру мақсатында 2018 жылы Қазақстанда институционалдық негіз құрылды. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің қызметі жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңес жұмысының үйлестіру органы болып табылады. ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы рөлін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атқарады. «Адамдар», «Жер», «Өркендеу», «Бейбітшілік» және «Серіктестік» ведомствоаралық бес жұмыс тобы Тұрақты даму мақсаттарын іс жүзінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, ТДМ іске асырудың табысы негізінен осы процесті тиімді мониторингтеуге, талдауға және бақылауға байланысты. Бұл функцияны кеңесші орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігі басқаратын ТДМ іске асырылуын мониторингтеу комитеті жүзеге асырады. 



Қарау саны: 3239
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!