ERI Халықаралық төрелік орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

18.11.2022

2022 жылғы 17 қарашада Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) Хатшылығы атынан "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов және "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ERI және ХТО Қазақстандағы медиация және төрелік институтын дамытуды қоса алғанда, даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы әдістері мен тетіктерін ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды, нығайтуды жоспарлап отыр.

Бұдан басқа, меморандум көпұлтты кәсіпорындар үшін  бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын ілгерілетуге және танымал етуге ықпал етеді.

Бірлескен қызмет бизнесті жауапты жүргізу стандарттары бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарының ықтимал бұзушылықтары бойынша өтінім берушілердің өтініштерін қарау тетіктерін әзірлеуге бағытталады деп күтілуде.


Өзара іс-қимылды кеңейтуде Қазақстан халқы мен бизнес-қоғамдастығын даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы әдістері мен тетіктері туралы хабардар ету шешуші рөл атқарады. Бұл жағдайда тараптардың мүдделілігі кездесулер, консультациялар, ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру арқылы туындайтын проблемалар мен оларды жою жолдарын талқылауға мүмкіндік береді.



Анықтамалық:

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) АХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін үздік халықаралық стандарттарға сәйкес әрекет ете отырып, сот талқылауына тәуелсіз, үнемді және жедел балама ұсынады.

ҰБО-ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттары ережелерінің бұзылуы туралы, оның ішінде ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, парақорлыққа қарсы күрес, пара беру және бопсалау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу мәселелері бойынша    қаралатын өтініштер бойынша шешімдер қабылдайтын алқалы кеңесші орган.



Қарау саны: 3063
Сақталған: 18.11.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!