Сарапшы пікірі: Қуаныш Бейсенғазин

02.09.2020

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 10 жыл ішінде ел экономикасын несиелендіру 1,8 есе, ал тұтынушылық несие алу 7 есеге өсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірген «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры Қуаныш Бейсенғазин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық кредит құрылымындағы тұтынушылық несиенің үлесі 2010 жылғы 8% болса, биыл бұл көрсеткіш 30%-ға жетті. Алдағы уақытта тұтынушылық кредиттердің саны артса, онда оны өтеу қиынға соғады. Себебі қазіргі таңда әлемдік дағдарыс салдарынан халықтың табысы төмендеді. Сондықтан ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құру кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ несиелер бойынша шекті мөлшерлемелерді есептеуге және төмендетуге ықпал ететін болады», - деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры Қуаныш Бейсенғазин.

Бұдан бөлек, «Экономикалық зерттеулер институтының» сарапшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру бастамасы уақтылы қабылданған шешім екенін атап өтті.



Қарау саны: 5925
Сақталған: 03.09.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!