Сарапшы пікірі: Перизат Омарова

02.09.2020

«Әлемде болып жатқан дағдарыс Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймады. Сондықтан Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру туралы шешім бүгінде орынды. Оның негізгі функциясы - әлемдік тәжірибені зерттеу, сараптама жасау және стратегиялық құжаттардың іске асырылуын бақылау. Аталған орган Президентке тікелей бағынатын болады. Бұл өз кезегінде маңызды шешімдерді тез арада қабылдауға және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ төрағасының кеңесшісі Перизат Омарова.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру туралы тапсырма берген болатын.


Қарау саны: 5876
Сақталған: 03.09.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!