ERI сарапшылары Мектепке дейінгі білім беру шығындарын есептеу моделінің практикалық мүмкіндіктерін талқылады

24.11.2022

Астанада 23 қарашада қажеттілікті есептеу және Мектепке дейінгі білім беру шығындарын есептеу моделін әзірлеу мәселелеріне арналған семинар өтті. Мұнда 4.2 ТДМ  бойынша шығындарды калькуляциялау жөніндегі бағдарламаның нәтижелері және Қазақстан үшін Модельді пайдаланудың практикалық мүмкіндіктері таныстырылды.

Ұйымдастырушылар ЮНЕСКО Балалар қорының (Бангкок, Тайланд) халықаралық сарапшыларының қатысуымен БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясымен (АТМЭӘК) серіктестікте "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) болды.


Мемлекеттік органдардың, жеке бизнестің өкілдері, даму институттары және халықаралық сарапшылар АТМЭӘК-тың аға экономикалық кеңесшісі Агапи Арутюнянның модерациясымен гибридті форматта өткен семинарға қатысты.

АТМЭӘК-ты дамытуды қаржыландыру секциясының бөлім бастығы Субатирай Сивакумаран БҰҰ-ның білім беру саласын қаржыландыру тетіктерін енгізу үшін қатысушы елдерге көрсеткен қолдауын атап өтті.

ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова еліміздегі тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелердің іске асырылуы туралы хабарлады:

«Бүгінгі таңда ТДМ бойынша Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, ағымдағы жылдан бастап Кеңестің төрағалығы Премьер-Министр деңгейіне көтерілді; құқықтық негіз қалыптастырылды; ТДМ ұлттық индикаторларының тізбесі бекітілді және оларды ТДМ құжаттарына енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде».

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Кеңсесінің Басшысы Куртмолла Абдулганиев елімізде КҰҚТ (кешенді ұлттық қаржыландыру тетігі) мен Балалардың хал-ахуал индексін қоса алғанда, қаржыландыру тетіктерінің енгізілгенін атап өтті, оның параметрлерінің бірі балаларға арналған шығыстардың үлесін бағалау - балалар бюджеті болып табылады.

ERI Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов білім беру жүйесінің негізі ретінде балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету қажеттігін айтып, жиналғандарға Модельді енгізу әдіснамасын әзірлеу және оны одан әрі пайдалану үшін белсенді пікірталастың өткізілуін тіледі.

«ЮНЕСКО-ның әдіснамасы негізінде әзірленетін мектепке дейінгі білім беру шығындарын есептеу моделі мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудағы жеткіліктілікті анықтаудың балама құралы болып табылады». 



Наталья Жұмаділдаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту департаментінің директоры:

«Бүгінде елімізде 11 000-ға жуық мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі қарқыны 2010 жылдан бастап келесі бағыттар бойынша басталды: жаңа мектепке дейінгі ұйымдар салу, бұрын жекешелендірілген ғимараттарды қайтару, МЖӘ дамыту. Қазіргі уақытта ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен одан әрі қамтуға бағытталған үлкен жол картасын әзірледі». 


ERI ТДМ жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Алтынгүл Өтебаева өз таныстырылымында сапалы білім беру барлық деңгейдегі (әлеуметтік, экологиялық, экономикалық) тұрақты дамудың негізі болып табылатынына баса назар аударды. Балалар мен бала туу жасындағы әйелдердің саны жыл сайын артып келеді және мектепке дейінгі білім беруді жеткілікті қаржыландыруды есептеу үшін құралдар қажет.


ЮНЕСКО-ның бағдарламалық маманы Ньи Ньи Таунг ЮНЕСКО әдістемесін қолдана отырып, Қазақстан үшін әзірленген мектепке дейінгі білім беру шығындарын есептеу моделін ұсынды:

«Мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыруда екі тәсілді бөліп көрсетемін: бюджеттік және демографиялық. Ұсынылған шығындарды есептеу моделі демографиялық деректерге негізделген. Есептеу мектепке дейінгі біліммен қамтылуы қажет балалардың санынан жүргізіледі. 6-7 жасқа дейінгі барлық балаларға мектепке дейінгі білім беру процесін, оның жеткілікті қаржыландырылуын және алынған білім сапасын қамтамасыз етуді жоспарлау маңызды». 


ЮНЕСКО-ның кеңесшісі Масая Ногучи семинарға қатысушыларды есептеулермен және модельдің құрылысымен таныстырды, мектепке дейінгі білім беру шығындарын есептеді. Бұл модельде жынысы мен жасы бойынша демографиялық деректерді жинау және жүйелеу ескеріледі, саясатты жүзеге асыруда шешім қабылдау құралы ретінде модельді қолдана отырып, мектепке дейінгі білім беру саласында жүзеге асырылатын шаралар нәтижелерінің тиімділігін бағалау мысалдары келтірілген. Үш сценарийді есептеу және оларды салыстыру жүргізілді.
 
4.2 ТДМ шығындарын есептеу моделін енгізуге арналған Жол картасының жобасын  ERI-дің ТДМ жөніндегі Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар таныстырып, Модельді мемлекеттік органдардың қызметінде қолдану мүмкіндігін талқылауды ұсынды.


Ерте дамыту институтының директоры Манара Адамова Модельге енгізілген параметрлерді нақтылау бойынша ұсыныстар жасап, форс-мажорлық жағдайларды, уақыт шекараларын және қаражатты өңірлер бойынша бөлудің айқындылығын ескеру қажеттігін атап өтті.

Астана қаласындағы Республикалық жеке білім беру ұйымдары қауымдастығы филиалының директоры Гүлсім Егізбаева мектепке дейінгі білім беруді кеңірек қарауға және өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне әсер ететін факторларды барынша ескеруге шақыра отырып, деректерді есепке алудың 4 параметрін атап кетті – денсаулық, кадрлар, бағдарламалар және насихаттау.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихина; ҚР ҰЭМ Бюджет саясаты департаменті Бюджеттік саясат басқармасының басшысы Бақыт Алтаева; "BilimInvest" ұлттық білім беру инвесторлары қауымдастығының вице-президенті Кулянда Батырбековажәне басқа да шақырылған қонақтар белсенді пікір таластырды.

Семинар барысында Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан саясаттың басымдықтары мен реттілігі белгіленді, Модельді қолдану және оны бейімдеу бойынша шешуді және одан әрі қадамдарды талап ететін мәселелер айтылды.

Жалпы, "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы аясында 2021-2025 жылдарға арналған шараларды іске асыруға 82,6 млрд. теңге қарастырылғанын білеміз. Республикалық деңгейде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қаржы 2019 жылдан бастап 2021 жылдың қорытындысы бойынша 221 624,2 мың теңгеге дейін ұлғайған шығыстармен салыстырғанда 135 129,5 мың теңгеге өскенін көрсетеді.

АERI талдауы көрсеткендей, облыстық деңгейде шығыстардың ең көп үлесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға тиесілі – 2021 жылы 65%. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету осы мақсаттар үшін жоспарланған шығындардың жалпы санының 22% -ын құрайды. Аудандық деңгейде осыған ұқсас құрылым сақталуда.


Анықтамалық: 
АТМЭӘК - Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы. Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік Кеңесі құрған және Бангкокта (Тайланд) штаб-пәтері бар. Азия-Тынық мұхиты өңірінде экономикалық және әлеуметтік дамуға ықпал етуге жауапты.
ЮНЕСКО-Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі мамандандырылған мекемесі. Штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан.



Қарау саны: 3031
Сақталған: 25.11.2022






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!