ERI ОМО және ЖАО үшін балаларға арналған бюджет бойынша семинар ұйымдастырды
02.12.2022
Астанада 1 желтоқсанда Экономикалық зерттеулер институты (ERI) Балалардың хал-ахуал индексі шеңберінде балалардың қажеттіліктеріне бағытталған бюджеттік шығындардың үлесін есептеу бойынша ОМО және ЖАО қызметкерлері үшін семинар өткізді. ОМО мен ЖАО-ның, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру қорының 100-ден астам өкілі қатысқан онлайн-кездесуде Қазақстан өңірлері арасында 2021 жылдың нәтижелері бойынша Балалардың хал-ахуал индексінің нәтижелері жарияланды. Бақытгүл Хамбар, ERI Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры: «2021 жылдан бастап "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп Балалардың хал-ахуал индексін әзірлеу бойынша жұмыс жасады. Балалардың хал-ахуалына қол жеткізу олардың дамуына жеткілікті қаржыландыру көлеміне байланысты. Кездесу қорытындысы бойынша барлығы балалардың қажеттіліктеріне бағытталған бюджет қаражатының үлесін айқындаудың негізгі қағидаттарымен, сондай-ақ 2021 жылдың қорытындысы бойынша Балалардың хал-ахуал индексінің нәтижелерімен танысатын болады». ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули Қазақстанда халықтың 30% – дан астамы балалар екенін, ал 2022 жыл балалар жылы болып табылатынын атап өтті. «ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен бірлесіп ағымдағы жылы балалардың дамуының барлық аспектілерін көрсететін өңірлік бөліністе Балалардың хал-ахуал индексінің есептеулерін жүргізді». Алтынгүл Өтебаева, ERI Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары: «Семинардың мақсаты - Балалардың хал-ахуал индексі шеңберінде балалардың қажеттіліктеріне бағытталған шығындар үлесін есептеудің бірыңғай тәсілімен танысу. Балалардың мұқтаждықтарын қаржыландыру көлемін айқындау жылдық бюджеттерде балалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік инвестициялардың санын айқындау үшін негіз болып табылады». Спикер семинарға қатысушыларды білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, инфрақұрылымдық даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да бағыттар бойынша балалардың қажеттіліктеріне шығындарды қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстырды. Eрлан Кәрімов, ERI Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары, әр өңірдің кейбір өзекті мәселелеріне тоқталды:
Кәрімов Индексті есептеу жыл сайын жүргізілетінін және олар алған алғашқы нәтижелер оларды жақсартуға түрткі болатынын айтты. Оны жетілдіру жұмыстары жалғасады. "АЕО" ЖШС қолдауымен Балалардың хал-ахуал индексінің нәтижелері көрсетілетін онлайн-платформаны әзірлеу жоспарлануда.
Қарау саны: 2242 |
|
|