2022 жылдың 9 айында Қазақстаннан Литваға экспорт - 402,1 млн USD
07.12.2022
Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 500,4 млн USD құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (242,4 млн USD)2,1 р. жоғары.
Қазақстаннан Литваға экспорт 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2,3 р-ға өсіп, 402,1 млн USD құрады. Литваға экспорттың өсуі келесі тауарларды жеткізудің артуымен негізделген:
Қазақстаннан Литваға экспорттың негізгі тауарлары болып табылады:
Литваға тауарларды жеткізу елдің барлық өңірлерінен жүзеге асырылады. Алайда, экспорттың шамамен 80% - ы Атырау облысы мен БҚО-ға тиесілі. Литвадан Қазақстанға импорт 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 45% - ға өсіп, 98,3 млн USD құрады. Литвадан импорттың өсуі келесі тауарларды әкелудің артуымен негізделген:
Литвадан Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары болып табылады:
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада ресми сапармен жүрген Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдағанын айта кетейік. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, қазақ-литва қатынастарын дамыту перспективаларын талқылады. Литва дипломатын қарсы ала отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Литваны еліміздің Балтық өңірі мен Еуропалық Одақтағы басым серіктесі деп атады. Көлік және логистика, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларында екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту және үкіметаралық ынтымақтастықты өзектендіру маңыздылығы атап өтілді. Габриэлюс Ландсбергис Қасымжомарт Тоқаевқа Литва Президенті Гитанас Науседаның жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ Литва Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Кездесу барысында сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қарау саны: 2240 |
|
|