ҚР Сыртқы сауда қорытындылары: тауар айналымы импорттың өсу қарқынын жеделдету арқасында өсуде
14.12.2022
Қазақстанның 2022 жылғы қаңтар-қазандағы сыртқы сауда айналымы - $110,5 млрд, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен ($82,5 млрд) салыстырғанда 34%-ға жоғары (2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 34,9%).
2022 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстаннан экспорт 44,8%-ға (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 47,5%) $49,1-ден $71,1 млрд-қа дейін өсті.
ҚР-дан экспорттың өсуі келесідей тауарларды жеткізудің ұлғаюымен негізделеді: - шикі мұнай - 59%-ға немесе $15 млрд –қа ($25,4 –тен $40,4 млрд-қа дейін)
- ферроқорытпалар - 39%-ға немесе $726,3 млн-ға ( $1,9-дан $2,6 млрд-қа дейін)
- уран - 57,8%-ға немесе $691,5 млн-ға ($1,2 –ден $1,9 млрд-қа дейін)
- мыс кендері мен концентраттары - 50,6%-ға немесе $641,7 млн-ға ($1,3-тен $1,9 млрд-қа дейін)
- мұнай өнімдері - 59,5%-ға немесе $456,9 млн-ға ($767,7-ден $1 224,7 млн-ға дейін)
- тас көмір - 2,1 есеге немесе $426,5 млн-ға ($392,8-ден $819,4 млн-ға дейін)
- бидай - 39%-ға немесе $418,2 млн-ға ($1 071,3-ден $1 489,5 млн-ға дейін).
Сонымен қатар мұндай тауарлардың экспорттық жеткізілімдерінің төмендеуі байқалады: - темір кендері мен концентраттары - 50,8%-ға немесе $713,8 млн-ға ($1 404,7-ден $690,9 млн-ға дейін)
- бағалы металдардың кендері мен концентраттары - 27%-ға немесе $149 млн-ға ( $551,7 -ден $402,7 млн-ға дейін)
- тазартылмаған болаттан жасалған тегіс илек - 21,2%-ға немесе $94,9 млн-ға ( $447,7-ден $352,8 млн-ға дейін)
- тазартылмаған болаттан жасалған жалпақ илек суықтай илектелген - 21,5%-ға немесе $85,2 млн-ға ($396,9-дан $311,8 млн-ға дейін).
Қазақстаннан экспорттың негізгі тауарлары: - шикі мұнай - $40,4 млрд (56,8% үлесі бар)
- мыс және мыс катодтары - $3,3 млрд (4,6%)
- ферроқорытпалар - $2,6 млрд (3,6%)
- табиғи газ - $1,9 млрд (2,7%)
- мыс кендері мен концентраттары - $1,9 млрд (2,7%)
- уран - $1,9 млрд (2,7%)
- бидай - $1,5 млрд (2,1%)
- мұнай өнімдері - $1,2 млрд (1,7%)
- тас көмір - $819,4 млн (1,2%)
- мұздатылған кептірілген, тұндырылған немесе коллоидты күкірттен басқа күкірт - $760,8 млн (1,1%).
2022 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанға импорт 18,1%-ға өсті (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 16,5%) және $39,4 млрд құрады.
Қазақстанға импорттың өсуі осындай тауарларды әкелудің ұлғаюымен негізделеді: - автокөліктерге арналған кузовтар - 2,3 есеге немесе $482,3 млн-ға ( $361,2-ден $843,5 млн-ға дейін)
- телефон аппараттары - 48,3%-ға немесе $383,3 млн-ға ( $793,4-тен $1 176,8 млн-ға дейін )
- өзге де қара металдардан жасалған бұйымдар – өсім екі есе немесе $224,6 млн-ға ($222,5-тен $447,0 млн-ға дейін)
- мыс кендері мен концентраттары - өсу 4,2 есе немесе $209,6 млн-ға ( $66,2-ден $275,8 млн-ға дейін)
- бөлшек саудада сату үшін буып-түйілген дәрілік заттар - 23,6%-ға немесе $207,6 млн-ға ($881,4-тен $1 089,1 млн-ға)
- ұшқын тұтанатын ішкі жану қозғалтқыштары - 2,2 есеге немесе $194,7 млн-ға өсу ( $157,1-ден $351,8 млн-ға дейін)
- мұнай өнімдері - 45,6% - ға немесе $180,4 млн-ға ($396,0-ден 5 576,3 млн-ға дейін).
Сонымен қатар келесідей тауарлардың импорттық жеткізілімдерінің төмендеуі байқалады: - есептеу машиналары-33,2% - ға немесе $ 440,1 млн-ға (с $1 327,4-тен $887,3 млн-ға дейін)
- табаны бар және үсті резеңкеден немесе пластмассадан жасалған өзге де аяқ киім - 44,9% - ға немесе $156,7 млн-ға ($348,8-ден $ 192,1 млн-ға дейін)
- алтын 37,6% - ға немесе $119,1 млн-ға ($316,9-дан $197,8 млн-ға дейін)
- резеңке немесе пластмасса өңдеуге арналған жабдық-64,7% - ға немесе $ 88,6 млн-ға ($137,0-ден $48,4 млн-ға дейін)
- темекі және оның алмастырғыштары, темекі сығындылары мен эссенциялары - 77,2% - ға немесе $ 82,1 млн-ға ($106,4-тен $ 24,3 млн-ға дейін).
Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары: - жеңіл автомобильдер - $1,3 млрд USD (3,2% үлесімен)
- телефон аппараттары - $1,2 млрд (3%)
- бөлшек саудада сату үшін буып-түйілген дәрілік заттар - $1,1 млрд (2,8%)
- есептеуіш машиналар - $887,3 млн (2,3%)
- автокөліктерге арналған кузовтар - $843,5 млн (2,1%)
- автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер мен керек-жарақтар - $612,7 млн (1,6%)
- мұнай өнімдері - $576,3 млн (1,5%)
- ұшу аппараттары - $480 млн (1,2%).
Қарау саны: 2347
Сақталған: 23.11.2024
|