Астанада халықаралық конференцияда Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады

15.12.2022

«Қазақстандағы балалар жылы: Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, түйінді сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» конференциясы 10 желтоқсанда Астанада Чехия, Хорватия, Венгрия, Қырғызстан және басқа елдердің халықаралық сарапшыларының қатысуымен өтті.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Экономикалық зерттеулер институтының, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), Парламенттің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, педагогтар, ата-аналар және балалар өкілдері қатысты.


Конференцияға қатысушыларды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қарсы алды. Ол қатысушыларға Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенділігі мен қосқан үлесі үшін алғыс айтып, Қазақстандағы балалар жылын қорытындылады. Кездесу аясында Балалық шақтың өзекті мәселелерін шешудегі одан арғы іс-қимылдар мен тәсілдер қаралды.


Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов:

«Ел Президенті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Бұл мемлекеттің өскелең ұрпаққа қаншалықты маңызды көңіл бөлетінін және елдің болашағына қамқорлық жасайтынын көрсетеді. Балалар ел халқының үштен бірін құрайды. Балалар жылы білім беру ұйымдарында балалардың тамақтануын жақсарту бойынша шаралар қабылданды.

Тамақтану сапасын күшейту, тамақтану құнын реттеу, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу бөлігінде тамақтануды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Мектептегі тамақтануды қоғамдық бақылау күшейтілді.

Бірдей маңызды бағыт – қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушылардың тапшылығын жою үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес қалалар мен ауылдарда 800 мыңнан астам жаңа оқушы орындарына 401 мектеп салынады».


Министр балалар жылындағы келесі басым бағыт балабақшаларда, мектептер мен колледждерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Барлық білім беру ұйымдарында камералар орнатылды, білім беру объектілерін қорғауды күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, турникеттер, дабыл түймелері орнатылуда.

Балалар жылы тұңғыш рет баланың қорқытудан (буллингтен) қорғау құқығы бекітілді, тиісті алдын алу ережелерін әзірлеу бойынша құзырет енгізілді, бұл қудалауға ұшыраған балаларға уақтылы ескертуге және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, биыл білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің бірыңғай Ережелері қабылданды.


Елімізде алғаш рет Балалардың әл-ауқатының индексі әзірленді. Әр бағытта лайықты өмір сүру жағдайларына, білімге, денсаулық сақтауға, инфрақұрылымға, зорлық-зомбылықтан қорғауға және әлеуметтенуге қол жеткізуді көрсететін ең маңызды индикаторлар таңдалды.

Бұл туралы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов айтты:

«Егер бір балаға жергілікті бюджет шығыстарын есептесек-жылына орта есеппен 511 мың теңге. Бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы-Солтүстік Қазақстан облысы, онда 800 мыңнан астам теңге балалардың қажеттіліктеріне бағытталған. 

Жалпы, балаларға арналған бюджет құралын енгізу бойынша жұмыс жалғасуда – институт және біздің әріптестеріміз, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және БҰҰ Балалар Қоры тарапынан жыл соңына дейін орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін оқыту жоспарлануда.

Индексті есептеу жыл сайын жүргізіледі, сондықтан бүгін алынған алғашқы қорытындылар бізді оларды жақсартуға, сондай-ақ индексті жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуге ынталандырады деп үміттенеміз. Ол үшін біз «ИВЦ» ЖШС қолдауымен индекс нәтижелері көрсетілетін онлайн-платформа әзірлейтін боламыз.

2023 жылдан бастап Қазақстанның аудандарын, шағын және моноқалаларын индекспен қамту, бұдан әрі – ауыл деңгейіне түсу жоспарлануда. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Балаларға арналған бюджет құралын елдің бюджет процесіне енгізу қажет». 


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру жалғастырылды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту, балабақшаларға бірыңғай кезектілік бойынша платформа әзірлеу, ол кезекте қайталануды болдырмауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі балаларды тіркеуді автоматтандыруды көздейтін ПМПК модулі әзірленді. 1 ПМПК ашу нормативтері 60 мыңнан 50 мың балаға азайтылды.

Сонымен қатар, балалар жылы мектеп автобустарының автобус паркі алғаш рет ауқымды түрде жаңартылды. Ол 515 жаңа автокөлікпен толықтырылды. Алғаш рет мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын жан-жақты жақсартты. Көркем әдебиет қоры мемлекеттік тілдегі басылымдармен толықтырылды.


БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори конференция ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, Министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметіне оң баға берді:

«Мен бүгінгі конференцияға қатысқаныма қуаныштымын. Бұл конференцияға өз құрдастарының құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жүргізетін балалар өкілдері қатысқаны өте жақсы. Елімізде балалардың өмірінің барлық салаларындағы әл-ауқатына ерекше назар аударылады. Балаларға инвестиция салу-бұл болашаққа салынған инвестиция. Қазақстан осы бағытта нәтижелі шаралар қабылдауда. Білім министрі айтқандай, балалар жылында атқарылған жұмыстар кейінгі жылдары да жалғасатын болады. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз».



БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизен Қазақстан балалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және олардың әл-ауқатын арттыру үшін прогрессивті қадамдар жасап жатқанын атап өтті:

«ЮНИСЕФ Қазақстанда ұзақ уақыт бойы ұлттық және жергілікті деңгейде балалардың әл-ауқатының мониторингі жүйесін құруға қолдау көрсетіп келеді. Орталық және жергілікті атқарушы органдар балалардың әл-ауқатының индексін жұмыс құралы, проблемалық мәселелерді көрсететін компас түрі ретінде пайдаланады деп үміттенеміз. Бұл объективті көрсеткіштер негізінде балалардың мүддесі үшін шешім қабылдауға көмектеседі».





Қарау саны: 2546
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!