Әділ Құсманов ERI Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
28.12.2022
Бұрын "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) сараптамалық-талдамалық топтың басшысы қызметін атқарған Әділ Құсманов ERI ұжымына 2020 жылдың сәуір айында қосылды. Ол "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен (№7 хаттама) "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Құсманов мырза - "Математика" мамандығы бойынша "Назарбаев Университетінің" (Астана) түлегі, ол сонымен қатар мұнда статистика, экономика, жобаларды басқару және басқа да әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар курстарын оқыды. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Оксфорд университетінің (Математика институты, Оксфорд, Ұлыбритания) математикалық модельдеу және ғылыми есептеу магистрі дәрежесін алды. Өз қызметін "Экономикалық зерттеулер институтында" ERI сараптамалық-талдамалық тобының кеңесшісі болып бастады, онда ол: — макроэкономикалық саясатпен (фискалдық саясат) және стратегиялық жоспарлаумен (2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын, "Ұлттық қор-балаларға" бастамасын, ЕТЖ арттыру әдіснамасын және т. б. әзірлеушілер тобында болды); — жалпыхалықтық прогресс индексінің әдіснамасы және ҚР мемлекеттік органдарының нәтижелілігін жыл сайынғы бағалау әдіснамасымен; — әлемнің түрлі салық жүйелері және басқа да мәселелер бойынша халықаралық тәжірибені талдаумен айналысты. Азия қоғамының (Жапония, 2022 ж.желтоқсан) Азияның ТОП-40 жас көшбасшыларының тізіміне енді, KDI мемлекеттік саясат және басқару мектебінің G20 2021 Жаһандық көшбасшылық бағдарламасының стипендиаты болып табылады (Седжонг, Оңтүстік Корея).
2020 жылдан 2021 жылға дейін Нарикбаев атындағы "КАЗГЮУ" АҚ (Астана) аға оқытушысы болды. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры (Астана) жанындағы ӘЭСИ жетекші сарапшысы болып жұмыс істеді, ҚР Президенті Әкімшілігінде тағылымдамадан өтті.
Қарау саны: 2247 |
|
|