Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру

28.02.2023

Сұранысқа ие инфрақұрылымды құра отырып, сапалы «пакеттік шешімдер» қабылдау арқылы бизнесті қолдау жөніндегі «сандық» міндеттен тиімді ШОК-ты қолдауға көшуден тұратын мемлекеттік қолдау жүйесін трансформациялау кәсіпкерлікті дамытудың «жаңа күн тәртібінің» қағидаттық міндеттерінің бірі болып табылады.

Осы бағытты жетілдірудің қағидаттылығы мемлекеттік қолдау құралының салаларға және тұтастай экономикаға ықпалының маңыздылығымен түсіндіріледі. 

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қолдауымен мүдделі тұлғалардың кең ауқымының қатысуымен, оның ішінде тар салалық мамандарды тарта отырып, Экономикалық зерттеулер институты жүргізген талдау мемлекеттік қолдау көлемі 1 млн теңгеге ұлғайған сайын елдің ЖІӨ орта есеппен 40,6 млн теңгеге, негізгі капиталға инвестициялар 6,9 млн теңгеге, республикалық бюджеттің кірісі 6,7 млн теңгеге өсетінін көрсетті. 

Ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіштері де АӨК субсидияларының көлеміне қатты тәуелді. Субсидиялау көлемінің 1 млн теңгеге ұлғаюымен мал шаруашылығы бойынша өндіріс көлемі орта есеппен 2,3 млн теңгеге, балық бойынша 25,4 млн теңгеге, мал шаруашылығы және балық өнімдерін терең өңдеу бойынша 8,8 млн теңгеге және тиісінше 21,6 млн теңгеге артады.
 
Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік қолдау түрлі бағдарламалар шеңберінде, түрлі мемлекеттік органдар мен қолдау операторларымен ұсынылады, бұл қолдау құралдарының қайталануына және бәсекелестігіне әкеледі. Бірыңғай үйлестірудің, мониторингтің, сондай-ақ қолданыстағы қолдау шаралары бойынша нақты мәліметтердің болмауы бөлінетін қаражаттың тиімділігін төмендетеді.
 
Мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылатын қолдау шараларының тиімділігін мониторингілеудің жалпы жүйесін және талдау институтын енгізу ұсынылды.


Зерттеу жұмысының ресми серіктесі корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру жолымен Қазақстан экономикасын орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болды.




Қарау саны: 1889
Сақталған: 02.03.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!