Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен жұмыс кеңесі

03.03.2023

Экономикалық зерттеулер Институтының қабырғасында Ішкі істер Министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен кездесу өтті. 

Оған Ұлттық Экономика Министрлігінің бюджеттік саясат департаменті мен өмір сапасы орталығының қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында құқық қорғау саласындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесіндегі стандарттар мен нормативтер талқыланды. 

Бұдан басқа, төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің айтуынша әкімшілік-аумақтық бірліктер деңгейіне байланысты желі нормативтерін әзірлеу талап етіледі. Атап айтқанда, желі нормативтері авариялық-құтқару қызметіне, сондай-ақ төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл саласында және т.б. қажет. 


Кездесу соңында қатысушылар өз қызметіндегі ең төменгі стандарттардың маңызды рөлін атап өтті және НҚА талдау бойынша жұмыстар барысында тығыз ынтымақтастық туралы келісті.



Қарау саны: 1852
Сақталған: 06.03.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!