Өмірге қанағаттанған қазақстандықтар Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында тұрады

14.03.2023

Бұл туралы экономикалық зерттеулер институтында Азия даму банкімен бірлесе орындалған өңірлік теңсіздікті зерттеу нәтижелері бойынша өткен семинарда айтылды.

2022 жылдың тамыз-қараша айларында Қазақстан Үкіметі мен АДБ арасында білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы шеңберінде өңірлердегі халықтың өз әл-ауқатын бағалау бойынша жалпыұлттық зерттеу жүргізілді. Зерттеуді Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) және экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары бірлесе жүргізді.

Зерттеу жұмыстарына 140 қала мен ауылдан 4 мыңнан астам тұрғын қатысты.

Кейбір нәтижелерді қарастыратын болсақ, субъективті әл-ауқаттың көрсеткіштері орташадан жоғары, 10 балдық шкала бойынша 7 балдан жоғары бағаланғанын атап өткен жөн. Қала тұрғындарының көрсеткіштері ауыл тұрғындарынан сәл жоғары.


10 балдық шкала бо
йынша халықтың бүгінгі өміріне қанағаттану деңгейі 

Өңір аралық көрсеткіште өмір жағдайына риза қазақстандықтар қай облыста тұратынын жоғарыда айттық. Ал енді ең төменгі көрсеткіштер Абай, Павлодар облыстарында және Астана қаласына тиесілі.



Өңірлер бөлінісінде 10 балдық шкала бойынша халықтың бүгінгі өміріне қанағаттану деңгейі 

Ел бойынша қаржылық жағдайға қанағаттану деңгейі 10-нан 5,85 ұпайды құрайды. Шымкент қаласы мен Атырау облысындағы қаржылық жағдайға қанағаттанудың жоғары деңгейі, Жамбыл, Қызылорда және Павлодар облыстарында ең төмені тіркелді.



10 балдық шкала бойынша өңірлер бөлінісінде өз отбасының қаржылық жағдайына қанағаттану деңгейі 

Қаржылық әл-ауқат, жұмысқа қанағаттану, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және тұрғын үй жағдайы субъективті әл-ауқатпен байланысты. 

  • Халықтың қаржылық жағдайына қанағаттануы неғұрлым жоғары болса, субъективті әл-ауқат көрсеткіштері соғұрлым жоғары болады. Адамдардың субъективті әл-ауқатына жұмысқа қанағаттану, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайы сияқты материалдық факторлар әсер етеді: респонденттердің жұмысқа қанағаттануы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайы неғұрлым жоғары болса, олардың әл-ауқатын бағалау соғұрлым жоғары болады.
  • Халықтың Үкіметтің шешім қабылдауына әсер ету мүмкіндігі неғұрлым көп болса, субъективті әл-ауқат, әсіресе өмірге қанағаттану көрсеткіштері соғұрлым жоғары болады.
  • Халықтың денсаулығы неғұрлым жақсы болса, бүгінгі күнге дейін өмірге қанағаттану соғұрлым жоғары бағаланады; халықтың денсаулығы неғұрлым жақсы болса, адамдар соғұрлым бақытты сезінеді; күнделікті өмірде денсаулыққа қатысты мәселелер неғұрлым көп кедергі келтірсе, респонденттер соғұрлым бақытсыз сезінеді.

Ел бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қанағаттану деңгейі 49% құрайды. Ең жоғарғы деңгей Астана қаласы мен Қарағанды облысында, ең төменгі деңгей Қызылорда және Жамбыл облыстарында тіркелді.


Өңірлер бөлінісінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қанағаттану, %

Үкіметтің іс – әрекетіне күшті әсер ете алу мүмкіндігі туралы халықтың 12,6%, ал 66,7% әсер ету мүмкіндігі аз деп ойлайды. Әрбір бесінші респондент халықтың Үкіметтің іс-әрекетіне әсер ете алмайтынын атап өтеді. Өңірлер бөлінісінде Жетісу, Ұлытау, Маңғыстау облыстарының респонденттері арасында Үкіметтің іс-әрекетіне барынша ықпалы байқалады. Сондай-ақ, Алматы қаласында, Алматы және Түркістан облыстарында халықтың Үкіметтің іс-әрекетіне әсері туралы маңызды нәтижелер атап өтілді.

Андрес Родригес-Позе, АДБ кеңесшісі, Лондон экономика мектебінің Экономикалық география профессоры аумақтық теңсіздіктің өсуі іске асырылмаған экономикалық әлеуеттің жоғары шығындарына және қоғамдық наразылыққа әкелуі мүмкін екенін айтты. Бұдан басқа, аумақтық даму мен қайта бөлудің одан әрі саясаты бойынша ұсынымдар әзірленді.


Осылайша, өңірлік әл-ауқат индексі өңірлер бойынша теңсіздік ауқымы, әл-ауқат деңгейі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
 
 
Аймақтық әл-ауқат индексі, халықтың өмір сүру деңгейіндегі аймақтық айырмашылықтарды азайту мақсатында орталық және жергілікті шешімдерді негіздеу үшін маңызды аналитикалық құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Осы орайда инфрақұрылымдық мәселелерден басқа, әр аймақтың бірегей екенін және жақсартуды қажет ететін мәселелер мен бағыттардың өзіндік жиынтығымен сипатталатынын ескеру қажет.


Әлеуметтанулық сауалнама бойынша және тұтастай алғанда Қазақстандағы өңірлік теңсіздікті зерттеу қорытындылары бойынша түпкілікті есептер АДБ және Экономикалық зерттеулер институтының сайтында жарияланатын болады.

Семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаментінің, бюджеттік саясат департаментінің, Салық және кеден саясаты департаментінің өкілдері қатысты.


Даму серіктестерінен семинарға Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ), Біріккен Ұлттар ұйымы, ЮНИСЕФ, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі қатысты.




Қарау саны: 1855
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!