Макроэкономикалық көрсеткіштердің ағымдағы жай-күйін сипаттайтын деректерді талдаудың, мониторингілеудің және визуализациялаудың техникалық аспектілері
24.03.2023
Макроэкономикалық көрсеткіштердің ағымдағы жай-күйін сипаттайтын деректерді талдаудың, мониторингілеудің және визуализациялаудың техникалық аспектілері Соңғы онжылдықтарда әлем жаңа типтегі экономикаға бет бұруда, мұнда цифрлық технологиялар оны қалыптастырудың негізгі құралына айналуда. Мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологияларын енгізу барған сайын ауқымды және серпінді процеске айналуда. Сондықтан әртүрлі әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу, жағдайдың дамуын болжамдау, ақпараттық жүйені енгізу және жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы қажетті түзету әсерін жоспарлау қажеттілігі туындайды. Осы мақсаттар үшін басқарушылық шешімдер қабылдау үшін макроэкономикалық көрсеткіштердің ағымдағы жай-күйін сипаттайтын деректерді мониторингтеу, талдау және визуализациялау мақсатында цифрлық құралды қалыптастыру үшін зерттеу жүргізілді. Әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау және мониторингілеу үшін мынадай міндеттер орындалды:
Ақпараттандырғыштар «Спарклайн» сызығын көрсетеді және деректерді (кестелер, графиктер және диаграммалар) егжей-тегжейлеудің әртүрлі деңгейлеріне, сондай-ақ оларды картографиялық деректер түрінде визуалды түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Жалпы цифрлық құралдың басты артықшылығы:
Осылайша, жүргізілген зерттеу әртүрлі деректер көздеріне қосылу үшін цифрлық құралдың прототипін жасауға, оларды өңдеу мен талдауды жеңілдетуге, әртүрлі есептер жасауға мүмкіндік берді. Зерттеу жұмысының ресми серіктесі корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру жолымен Қазақстан экономикасын орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болды.
Қарау саны: 1793 |
|
|