«Торайғыров университеті» КЕАҚ «Экономика» кафедрасымен жұмыс кездесуі өтті

27.03.2023

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да ең төменгі стандарттарды зерттеу бойынша талқылау өтті.

Іс-шараға 12 адамнан тұратын «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Экономика» кафедрасының жұмыс тобының құрамы және Институт қызметкерлері қатысты. 

Бейнеконференция барысында бюджеттік жоспарлау үшін тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымда ең төменгі стандарттарды әзірлеудің өзектілігі мәселесі талқылауға шығарылды. 

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қызметкерлері жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы және мұндай стандарттар қандай салаларда қолданылатынын айтты. Конференцияға қатысушылар автожол, білім беру және денсаулық сақтау салаларын талқылады.

«Торайғыров университеті» КЕАҚ өкілдері өз кезегінде желінің ең төменгі стандарттары бойынша зерттеу объектісіне, нысанасына және міндеттеріне қатысты өз пікірлерін білдірді.


Кездесу тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілерінің ең төменгі стандарттары бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыруға және осы зерттеу бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізуге ықпал етті.



Қарау саны: 1777
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!