Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты Өкілімен кездесу

30.03.2023

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа мен «Экономикалық зерттеулер Институты» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов және төраға орынбасары Әділ Құсмановтың кездесуі өтті. 


Кездесуге БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылары Эльдар Идиятов пен Заур Ибрагимов, сондай-ақ Институт сарапшылары Өтебаева Алтынгүл мен Нұржанова Мадина қатысты. 

Кездесу барысында Руслан Сұлтанов Экономикалық зерттеулер институты қызметінің негізгі бағыттарын айтып, елдегі тұрақты даму саласындағы зерттеулердің нәтижелеріне толығырақ тоқталды. 


«Елдегі тұрақты дамуды жүзеге асырудың келесі қадамы оқшаулау болуы керек. Бұл ретте тұрақты даму мәселелерінің жергілікті деңгейде шешілуі - өзекті мәселелердің республикалық деңгейде қалай шешілетініне тікелей байланысты», - деді Сұлтанов.

Вавьерниа елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету барысында ұйымдастырушылық және институционалдық сипаттағы қызығушылық тудыратын мәселелер шеңберін белгіледі. 

Өз кезегінде Әділ Құсманов Катаржина Вавьернияға тұрақты дамуға қол жеткізу бойынша қызығушылық пен бірлескен жобалар үшін алғысын білдірді. 


Кездесу қорытындысы бойынша Руслан Серікұлы БҰҰДБ Тұрақты өкілі айтқан бірқатар бастамалар мен ұсыныстарды қолдап, Институт одан әрі ынтымақтастық пен пікір алмасуға дайын екенін атап өтті.




Қарау саны: 1810
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!