Өңірлердегі тұрғындардың өз хал-ахуалын түйсінуін бағалау бойынша зерттеу
17.04.2023
2022 жылдың тамыз-қараша айларында «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия даму банкінің бірлескен Біліммен және тәжірибемен алмасу бағдарламасы аясында өңірлердегі қала және ауыл тұрғындарының өз хал-ахуалын түйсінуін бағалау бойынша жалпыұлттық зерттеу жүргізілді. Зерттеуді Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары бірлесіп жүргізді. Өңірлердегі тұрғындардың субъективті хал-ахуалын бағалау шеңберінде Экономикалық зерттеулер институтының командасы барлық өңірлерді аралап, 140 қала мен ауылдағы 4 мыңнан астам тұрғыннан сұхбат алды. Сауалнамада келесі модульдер қамтылды:
Бүгін біз Азия даму банкінің Қазақстанның Өңірлік хал-ахуалы мен әлеуметтік бірігу индексін әзірлеуіне негіз болған ауқымды әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша есептің жариялануын хабарлағымыз келеді. Әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша ұсынылған есеп өңірлік даму проблемаларына қоғамдық қызығушылықты арттырады деп санаймыз.Әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері өңірлік даму, қоғамдық қатынастар, жергілікті өзін-өзі басқару және т. б. саласындағы зерттеушілер мен сарапшыларға қызықты болады. Есеп экономистер, әлеуметтанушылар, демографтар, саясаттанушылар, психологтар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қазақстанда жұмыс істейтін және жобаларды іске асыратын даму серіктестері және т. б. үшін талдамалық құндылықты білдіреді. Біз себеп-салдарлық байланыстарды, есепте белгіленген үрдістер арасындағы қатынастарды түсіндіру, анықтау және талқылау және анықталған проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу бойынша ашық диалогқа дайынбыз. осы сілтеме арқылы жүктеуге болады
Қарау саны: 1680 |
|
|