Қызылорда және Жамбыл облыстарының тұрғындары өз өмірлерін нашар бағалайды

25.04.2023

Халықтың жағдайын өлшеу бірнеше факторлармен бағаланады, олардың бірі субъективті әл-ауқат болып табылады. Адам өз өмірін «тұтастай» бағалайтын кезде субъективті әл-ауқаттың негізгі аспектісі – өмірді когнитивті бағалау болып табылады.

Экономикалық зерттеулер институты мен АДБ бірлескен жобасы аясында социологиялық сауалнама жүргізу кезінде респонденттердің бүгінгі өмірге қанағаттануын, олардың жұмысын (түрі) және қаншалықты бақытты сезінуін есептеу арқылы халықтың өмірін бағалау жүргізілді.
 
Зерттеу нәтижелерінде көрсетілген үш параметр бойынша субъективті әл-ауқат деңгейі 10 балдық шкала бойынша 7 баллдан жоғары екендігі атап өтілді.


 Субъективті әл-ауқаттың негізгі көрсеткіштері, балл 


Өңірлік тұрғыда Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы тұрғындар субъективті әл-ауқатын төмен бағалайды.
Жоғары баға Шымкент, Атырау, Алматы және Маңғыстау облыстарында байқалды.


Субъективті әл-ауқаттың негізгі көрсеткіштері өңірлер бойынша, балл 


Корреляциялық талдау арқылы субъективті әл-ауқатқа әсер ететін факторлар анықталды. Ең алдымен, бұл қаржылық әл-ауқат:
  • халықтың қаржылық жағдайына қанағаттануы неғұрлым жоғары болса, субъективті әл-ауқаттың көрсеткіштері соғұрлым жоғарылайды;
  • халық өзінің өмір деңгейін сүру ата-анасының сол жастағы өмір сүру деңгейімен салыстырғанда, неғұрлым жоғары бағаласа, субъективті әл-ауқаттың көрсеткіштері де соғұрлым жоғарылайды.

Субъективті әл-ауқатқа қаржылық әл-ауқаттан басқа материалдық факторлар әсер етеді. Талдау нәтижелері бойынша респонденттердің жұмысына, жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне, тұрғын үй жағдайына қанағаттануы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамдардың субъективті әл-ауқаты жоғары болатыны анықталды.

Осылайша, тұрғындардың өз әл-ауқатына деген бағасы салыстырмалы түрде жоғары. Дегенмен, өңірлерде табыс, жұмыспен қамту, баспана, денсаулық және т.б. проблемалардың болуы адамдардың өміріне қанағаттанушылықты төмендетеді.





Қарау саны: 1750
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!